ДССССРБСЖМСНЖК
Қала құрылысы форумы

2018 жылдың 4-5 шiлдесiнде Астана қаласында Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған кезектi XVI Қала құрылысы форумы — «Қазақстан-2018» өттi. Форумның көрме стендтерiнде елiмiздiң өңiрлерiнде құрылған сәулет-қала құрылысы кешендерiне арналған демонстрациялық материалдар көрсетiлген болатын.

Ақмола облысынан әзiрленген қала құрылысы жобалары, сондай-ақ iске асырылып жатқан және iске асырылған жобалар бойынша демонстрациялық материалдар ұсынылды. Облыстың қала құрылысын дамытуға қосқан үлесi үшiн Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қазақстанның қала құрылысы одағының дипломымен марапатталды.

10.07.2018
Қараулар: 31

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика