AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Львовское

Ағымдағы жылы Жарқайың ауданындағы Львовское ауылының даму және құрылыс салу сызбасын (жеңiлдетiлген Бас жоспар) әзiрлеу басталғандығы туралы Ақмола облысы тұрғындарының назарына жеткiземiз. Жобаның тапсырыс берушiсi "Жарқайың ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi"ММ болып табылады. Әзiрлеушi — "Казгипроград" ЖШС, Алматы қ. Осы жобаны әзiрлеу ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқталады. Осы жоба әзiрленгеннен кейiн қоғамдық тыңдаулар өткiзiледi, онда тұрғындар белсендi қатыса алады. Ары қарай жоба Жарқайың аудандық мәслихатының шешiмiмен бекiтiлетiн болады.

Мақаланы құрған күні 20.05.2019
Қаралым саны: 154
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы