AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

«Б» корпусыныңбос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмолаоблысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ(индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к-сi, 87, анықтама телефоны — 8 (716-2)25-54-80, электронды мекен-жайы: obl_arhitektura@mail.ru)«Б» корпусының бос төменгiәкiмшiлiкмемлекеттiклауазымынаорналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Әкiмшiлiк-қаржылық бөлiмiнiң бас маманы (заңгер), «D-O-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдықмiндеттерi: Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлеуге және қабылдауға қатысу. Облыс аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс объектiлерi мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау. Құрылыс, қайта жаңарту, қалпына келтiру, күрделi жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру және қалалық дизайн жобалау мәселелерiн реттейтiн құрылыс нормалары және ережелерi (ҚНжЕ) және ГОСТтарды жетiлдiру жөнiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi бойынша уәкiлеттi органға ұсыныстар дайындау. Басқарма қызметкерлерiне ұйымдастыру-құқықтық және өзге заң мәселелерi жөнiнде кеңес беру, құжаттар мен мүлiктiк-құқықтық сипаттағы құжаттарды рәсiмдеуде ықпал жасау. Барлық сот үдерiстерiнде және дауларда басқарманың мүддесiн ұсыну. Талап-арыздар, сот iстерi, басқарма қызметтерiн жақсарту және айқындалған кемшiлiктердi жою туралы ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында шарт жасау мен орындау тәжiрибелерiн қарау нәтижелерiн оқу, талдау және қорытындылау жүргiзу. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртiптерiн нығайту жөнiнде iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыруды бақылау, мекеме мүлiгiнiң сақталуын қамтамасыз ету. Шарттардың орындалуын бақылау.Аппараттық оқу жүргiзедi, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын одан әрi әзiрлеу және жүргiзу.Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi қағидаларын жеке және заңды тұлғаларға түсiндiрудi жүзеге асыру. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiне әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету. Басқарманың Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы iс-шараларды, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы жөнiнде iс-шараларды жүзеге асыру. Өзiнiң жетiстiктерiн тиiмдi бағалау және қызметтерiнiң стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыруды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:құқық саласындажоғары бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

КонкурсҚазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының және уәкiлеттi органның сайтындажалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 07 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланы құрған күні 18.07.2016
Қаралым саны: 1969
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы