Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — құрылысшылар күнiмен құттықтаймыз!

Құрылысшы қай уақытта да құрметтi және абыройлы мамандық. Сiздер сол талапқа сай өңiр аумағында әлеуметтiк және өндiрiстiк нысандарды сапалы және мерзiмiнде iске қосуға атсалысып келесiздер. Қаланың, ауылдың сәнiн келтiрiп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшiн үлкен мәртебе.

Сiздерге мықты денсаулық, қызметте табысы мол жаңа замануи жобалар және сарқылмас қайрат тiлеймiз!

 

Мақаланы құрған күні 09.08.2019
Қаралым саны: 475
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы