ДССССРБСЖМСНЖК
«Ашық есік күні» акциясына қатысты

2019 жылғы 25 қазанда сағат 11-30-да басқарманың бас маманы Ж. Қ. Жұмағұлова "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы "КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы Абай көшесi 89 әкiмшiлiк ғимаратында өткiзген "Ашық есiк күнi" акциясына қатысты.

Барлық тiлек бiлдiрушiлер сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызметтердi алу тәртiбi туралы кеңес алды. Құрылыс үшiн жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгерту, объектiлердi жобалау үшiн бастапқы материалдарды алу мүмкiндiгi бойынша сұрақтар жиi болды.

25.10.2019
Қараулар: 140

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн