ДССССРБСЖМСНЖК
«Мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастырудың этикалық негіздері» семинар өтті

2018 жылдың 29 маусымында Ақмола облысы әкiмiнiң әдеп жөнiндегi уәкiлi Әбдiрахманов Нариман Төлешұлымен «Мемлекеттiк қызметшiлердiң имиджiн қалыптастырудың этикалық негiздерi» тақырыбында Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында семинар өттi.

Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсiнiң имиджiн қалыптастыру мемлекеттiк жүйенi дамытудың басым бағыттарының бiрi болып табылады. Мемлекеттiк қызметшiнiң имиджiнiң тұтастығы жоғары кәсiби және жеке құзыреттiлiк, моральдық-этикалық қасиеттер мен этикалық мiнез-құлық көрiнiсiне негiзделген. Бұдан басқа, мемлекеттiк қызметшi мемлекет мүдделерiне азаматтардың құқықтарына зиян келтiретiн әрекеттерге қарсы тұруға және заңмен белгiленген шектеулердi сақтауға шақырылады.

Н.Т. Әбдiрахмановпен өз сөзiнде мемлекеттiк қызметкердiң жұмыс уақытында және жұмыс емес уақытында жұмыс жасайтын негiзгi ережелерiн және мемлекеттiк қызметшiлердiң практикадағы әдепсiз мiнез-құлықтың ең көп тараған фактiлерiн қарастыратын жағдайлық мысалдар негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң этикалық нормаларын сақтауға түсiнiктеме берiлдi. Сондай-ақ, Ақмола облысы әкiмiнiң әдеп жөнiндегi уәкiлi басқарма қызметкерлерiмен жеке сұраулар жүргiзiлген болатын.

 

29.06.2018
Қараулар: 288

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика