ДССССРБСЖМСНЖК
Кездесу

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Көкшетау қаласының әкiмдiгiнде қала әкiмiнiң орынбасары И.И. Юрченконың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң «Мемлекеттiк қала құрылысы жоспарлау және кадастр Республикалық орталығы» РМК бас директорының орынбасары Қ.М. Мұдағалиеваның, қалалық коммуналдық кәсiпорын өкiлдерiнiң қатысуымен Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын қалыптастыру барысы және Көкшетау қаласының электрондық картасын құру туралы кеңес өткiзiлдi.

2010-2011 жылдары Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасымен облыстық бюджет қаражатынан Көкшетау қаласының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесiн құру бойынша шаралар жүргiзiлген болатын. Көкшетау қаласының электрондық картасы әзiрленген болатын, қала құрылысы жобаларының геоақпараттық дерекқорлары (бас жоспар) құрылды, кадастр жұмысын ұйымдастыру үшiн негiзгi техникалық құралдары алынды.

Көкшетау қаласының құрылған электрондық картасы бүгiнгi таңда Көкшетау қаласы бойынша пилоттық тәртiпте енгiзiлген интерактивтi кезекшi жоспарының (ИКЖ) негiзi болып табылады. Оны әзiрлеу үшiн коммуналдық қызмет өкiлдерiн қосу арқылы жұмыс тобы құрылды. Өз кезегiнде «Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры» РМК құрал-жабдықтар мен ИКЖ қол жеткiзудi ұсынды.

ИКЖ жүргiзудiң артықшылығы — бұл әкiмдiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң және коммуналдық қызметтердiң интерактивтi режимiнде өзара әрекеттесу, ақпарат алу мерзiмдерiн қысқарту, рұқсат беру құжаттарын беру процесiн жылдамдату және техникалық жағдайларды келiсу, мемлекеттiк қала құрылысы кадастры деректерiн үнемi жаңартып отыру.

20.06.2018
Қараулар: 309

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика