ДССССРБСЖМСНЖК
Жиналыс

Ағымдағы жылдың 23 мамырында Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасымен аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлiмдерi өкiлдерiнiң қатысуымен Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы саласындағы проблемалық мәселелер бойынша кеңес өткiздi. Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Б.А. Оспанбеков, Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Н.Т. Махитов, Ақмола облысының жердi пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Р.Ж.Токенов баяндамамен сөз сөйледi.

Кездесу барысында Ақмола облысы аумағында салынып жатқан нысандарға мониторинг енгiзу, жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер және объектiлердi салу үшiн жер телiмiне құқық беру туралы, мемлекеттiк қызметтердi ұсынуды, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулердi енгiзу туралы ақпарат айтылған болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарға тапсырмалар берiлдi. 

23.05.2018
Қараулар: 130

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика