ДССССРБСЖМСНЖК
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселесі бойынша кеңес

2017 жылғы 22 желтоқсанда Бурабайда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң басшылығымен Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселесi бойынша кеңес өткiзiлген болатын. Кездесуде салалық басқармалардың, қонақ үй кешендердiң басшылары, жаңа туристiк нысандардың жобалаушылары қатысты.

Облыс әкiмi Бурабай кентiнiң және Щучинск қаласының бас жоспарларының дамуымен, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инвестициялық жобалармен, аквапарк, ипподром, тау шаңғы курортының құрылысының жобасымен және туризмдi дамыту тұжырымдамасымен танысты.

Талқылау қорытындысы бойынша Мәлiк Мырзалин облыс әкiмiнiң орынбасары Василий Крыловқа және салалық басқарма басшыларына жобалау, сәулеттiк және жоспарлау шешiмдерiнiң техникалық деңгейiне, жобалық-iздестiру жұмыстарына қаражат үнемдеудi және жобалық-сметалық құжаттамаларды әзiрлеу шарттарына бақылау жасауды тапсырды.

22.12.2017
Қараулар: 140
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика