AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Зеренді ауданы Чаглинка станциясының бас жоспары бекітілді

Ақмола облысының Зерендi ауданындағы Чаглинка станциясын дамыту және құрылыс салу сызбасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) Зерендi аудандық маслихатының 2019 жылғы 05 маусымдағы № 38-269 шешiмiмен бекiтiлдi.

Жобаның тапсырыс берушiсi — "Зерендi ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi" ММ

Жобалаушы — "Темiртау қаласының сәулет-қала құрылысы орталығы" өндiрiстiк кооперативi

Жобаның басты мақсаты қолайлы өмiр сүру ортасын құруды қамтамасыз ететiн Чаглинка станциясын тұрақты дамыту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес кеңiстiктiк ұйым жан-жақты талаптарға жауап беруге арналған: тұрғын үй, өндiрiс, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, демалыс және басқа да қызметтер үшiн қолайлы алаңдар ұсыну.

Жоба 2043 жылға дейiнгi есептiк мерзiмге әзiрлендi.

Қазiргi уақытта жобамен жалпы ауданы 9750 шаршы метр 65 жеке тұрғын үй, 90 орындық балабақша, Мәдениет үйi, спорт және балалар алаңдары, кафе, дүкен, дәрiханалар және т.б. орналастыру қарастырылған.(кестенi қарау)

 

Мақаланы құрған күні 04.07.2019
Қаралым саны: 287
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы