AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Құрметті азаматтар!

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығы негiзiнде, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын алдын-алу мақсатында, 2020 жылдың 26 наурызынан бастап Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында азаматтармен жұмыс жасау тәртiбi өзгертiлгенiн Сiздерге хабардар етемiз.

Осыған орай, Сiздерден өтiнiш пен хаттарды Басқарманың arhitect@aqmola.gov.kz электондық мекенжайға немесе Үкiметтiң электрондық порталы egov.kz арқылы немесе saulet.akmo.gov.kz сайтындағы басқарма басшысының блогына жiберулерiңiздi сұраймыз.

Басқарма атына хат-хабарды қағаз түрiнде қабылдау Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89 ғимаратында кiре берiсте орналасқан арнайы жәшiкке жинау жолымен жүзеге асырылады.

Азаматтарды қабылдау тоқтатылды!

Сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер бойынша ауызша кеңес алу үшiн Сiздер келесi телефон нөмiрлерi бойынша хабарласа аласыздар: 8 (716 2) 25-54-49, 25-54-80.

Түсiнiстiкпен қарауларыңызды сұраймыз!

 

 

Мақаланы құрған күні 27.03.2020
Қаралым саны: 261
© 2020. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы