ДССССРБСЖМСНЖК
Ведомствоаралық комиссияның отырысы

2018 жылғы 4 қаңтарда Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары В.Л. Крыловтың төрағалығымен кезектi ведомствоаралық комиссияның тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлдi. Бұл комиссияға облыстық басқармалардың басшылары, Кәсiпкерлер палатасы, Прокуратура, Әдiлет және Iшкi iстер департаментiнiң өкiлдерi қатысты.

Көкшетау қаласы бойынша «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» қолданыстағы заңнаманың сақталу мәселесi қарастырылды.

Сондай-ақ, отырыста Ақмола облысында тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысумен байланысты мәселелерiн ақпараттық сүйемелдеу бойынша Медиа-жоспары қаралды және бекiтiлдi.

Отырыстың қорытындысы бойынша құзыреттi органдарға нақты тапсырмалар берiлген болатын.

04.01.2018
Қараулар: 1151

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика