ДССССРБСЖМСНЖК
Облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесінің отырысы өткізілді

2017 жылғы 8 желтоқсанда Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында облыс әкiмiнiң орынбасары В.Л. Крыловтың төрағалығымен облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi.

Қала құрылысы кеңесiнде «Қазграджданпроект» ЖШС әзiрлеген Көкшетау қаласында Копа өзенi жағалауы Осипенко, Әуезов, Кенесары көшелерiнiң шекарасындағы аумақты қала құрылыстық игеру және дамудың бiрiншi кезеңiнiң тұжырымдамасы қарастырылды.

Сондай-ақ кездесу барысында Көкшетау қаласындағы бiрқатар аумақтардың егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және Целиноград ауданындағы Тасты, Оразақ, Красноярка, Приречное және Семёновка елдi мекендерiн дамыту және құрылыс салу схемалары қарастырылды.

Сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң мүшелерiмен барлық жобалар бойынша ұсыныстар берiлдi және шешiмдер қабылданды.

    

11.12.2017
Қараулар: 918

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика