ДССССРБСЖМСНЖК
Облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесінің отырысы

2018 жылғы 16 ақпанда Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында облыс әкiмiнiң орынбасары В.Л. Крыловтың төрағалығымен облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi.

Егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) қарастырылды:

Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Текекөл көлiнiң аумағында 233 гектар жер учаскесi бар. Тапсырыс берушi — «Бурабай Даму» ЖШС, әзiрлеушi — жоба сәулетшi А.В. Корчагин Текекөл көлiнiң жағалауындағы курорттық аймақ. Көлдiң оңтүстiк бөлiгiнде, қонақ үйлер, ойын-сауық, спорттық-сауықтыру орталықтары, демалыс үйлерi орналасады. Жағалауда көпфункционалды павильондарды орнатумен қоғамдық жағажайларды ұйымдастыру жобалануда. Солтүстiк бөлiктiң құрылысы маусымдық типтегi тұрғын үйлердi орналастырумен жоспарлануда. (1-сурет)

Көкшетау қаласы, Көктем шағ. ауд., 3,5 га аумағымен жер телiмi. Тапсырыс берушi- Мусин А.А. әзiрлеушi — жобаның сәулетшiсi А.В. Корчагин ЕЖЖ Горький көшесi мен Көктем шағ. ауданының қиылысында ойын-сауық орталығының орналасуын қарастырады (2-сурет)

Барлық жобалар бойынша қала құрылысы кеңесiнiң мүшелерiмен жобаларды түзету және кезектi қала құрылысы кеңесiнде қарастыруға шығаруға ұсыныс берiлдi.

(1-сурет)

(2-сурет)

16.02.2018
Қараулар: 806

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика