ДССССРБСЖМСНЖК
Облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесінің отырысы

2018 жылғы 22 маусымда Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында облыс әкiмiнiң орынбасары В.Л. Крыловтың төрағалығымен облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi.

Ақмола облысының Бурабай кентiндегi Кенесары көшесiнiң шығыс бөлiгiнен айналмалы жол айырығынан жоғары аумағы 8 га және 5 га жер участкелерде құрылыс салу тұжырымдамасының жобасы қарастырылған болатын, әзiрлеушi — «Ақмола-Проект» ЖШС бас сәулетшiсi Добролюбова Надежда Борисовна.

Тұжырымдама Бурабай кентiнде Кенесары көшесi ауданында аумаққа аз қабатты оқшауланған құрылыс салуды қарастырады.

Тұжырымдаманың жобасы қалалық кеңестiң мүшелерiмен мақұлданды, оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар берiлдi.

22.06.2018
Қараулар: 419

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика