ДССССРБСЖМСНЖК
2017 жылғы 28 қарашада Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесiнiң кезекті отырысы өткiзiлдi

2017 жылғы 28 қарашада Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында облыс әкiмiнiң орынбасары В.Л. Крыловтың төрағалығымен облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесiнiң отырысы өткiзiлдi.

Қала құрылысы кеңесiнде «Урбостиль» ЖШС жобалаушы ұйыммен әзiрлеген Бестөбе кентiнiң бас жоспары (Степногор қаласының әкiмшiлiк бағынуы), Зерендi ауданының Еленовка ауылында құрылыс салу және дамыту схема жобалары қолдау алды.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласының секторларын егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары қарастырылды, ол бойынша Ақмола облысының Қала құрылысы кеңесiнiң кезектi отырысында қарастыру және әрi қарай түзету бойынша ұсыныстар берiлген болатын.

Мақаланың шыққан күні: 29.11.2017 14:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.11.2017 17:01
Қаралым саны: 1271

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика