ДССССРБСЖМСНЖК
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Бекiтiлген
Ақмола облысы сәулет
және қала құрылысы
басқармасының басшысы
________________Фелбелт В.К.
2017 жылғы «15» мамыр

«Ақмола облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарма қызметiнде жемқорлық көрiнiстерiн болдырмау және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне мүлдем төзбеушiлiктi арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР2015 жылғы18 қарашадағы Заңының 10 — бабына,Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiмен бекiтiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жөнiндегi әзiрлеген әдiстемелiк ұсынымдарғасәйкесәзiрленген.

1.Қоғамдық қатынастар саласының атауы: сәулет және қала құрылысы.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзiрлеушiнiң атауы: «Ақмола облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

3.Оқшауланған саласындағы қоғамдық қатынастарда жұмыс iстейтiн тұлғалардың тәртiп (iс-қимыл) ережелерi:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерi мен құқықтарын iске асыру кезiнде:

- Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметтiң актiлерiн, сондай-ақ Басқарманың ережесiнбасшылыққа алу;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғауды қамтамасыз етуге,олардың өтiнiштерiн ҚР заңнамасымен қарастырылған тәртiп пен мерзiмде қарастыру және олар бойынша қажеттi шаралар қолдану;

- белгiлi бiр мiндеттердiң орындалуынреттейтiннормативтiк құқықтық актiлердесәйкессiздiк анықталған жағдайда, уәкiлеттi органғадереу жазбаша түрде хабарлау;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердiңашықтықтығын қамтамасыз ету;

- мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне ықпал ету үшiн, қызметтiк жағдайын пайдаланбау;

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтау, қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiнөзiнiң кәсiби деңгейiн және бiлiктiлiгiн арттыру.

3.2.басқарушылық және өзге де шешiмдердi өз құзыретi шегiнде дайындау және қабылдау кезiнде:

- мүдделер қайшылығынажол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдау;

- шешiм шығаруды тұспалдайтынбақылау iс-шаралар және өзге де iс-әрекеттер жүргiзу кезiндемәселелердi объективтi қарастыру,шешiмдердi тек қаназаңнамаға ғана сәйкес қабылдау;

- мемлекеттiк қызметшiнiң құзыретiне кiретiн шешiмдердi қабылдау кезде,өзiнiң заңды мiндеттерiн орындауға байланысты ешқандай материалдық игiлiктер, қызметтер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсендiлiк таныту;

- оларға берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыру.

3.3.нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау кезiнде:

- Нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау кезiнде«Құқықтық актiлер туралы»ҚР2016 жылғы 6 сәуiрдегi №480-V ҚРЗ Заңының нормаларын қатаң ұстану;

- нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларындайындауда және талқылауда бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамның қатысуын қамтамасыз ету;

- әзiрленген нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында көшiлiк алдындаталқылау үшiнмiндеттi түрде орналастыру;

3.4.өмiрлiк iс-әрекет саласының ерекшелiктерiнен туындайтын өзге де өзара қарым-қатынас:

-мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiнтөмендететiн, мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттерге қарсы тұру;

- заңмен тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкқарастырылатын терiс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтаржасалуына жол бермеуге;

-iскерлiк этикет және ресми мiнез-құлық ережесiн сақтау;

- өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiнорындау барысында Басқармақызметкерлерiндетуындаған мүдделер қайшылығын реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдау.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 10.05.2017 12:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.05.2017 15:29
Қаралым саны: 377
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика