ДССССРБСЖМСНЖК
Бірінші жетекшінің өмірбаяны

Фелбелт Владимир Куртьевич. 1961 жылы 06 наурыз күнi Көкшетау облысы Келлеровка ауданының Краснокаменка селосында дүниеге келдi. 1984 жылы сәулетшi мамандығы бойынша Целиноград ауылшаруашылығы институтын тәмамдады. 2011 жылы Құқықтану мамандығы бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн тәмамдады. Еңбек жолын 1978 жылы Обухов сегiз жылдық мектебiнде мұғалiмнен бастады. 1979 жылы ЦХСИ сәулетшi факультетiне түстi. Оқу тәмамдағаннан кейiн 1984 жылы Рузаев аудандық Халық депутаттары кеңесiнiң атқарушы комитетiнде сәулетшi, Көкшетау аудандық әкiмшiлiгiнiң бас сәулетшiсi, Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы жанындағы Жоба-өндiрiстiк сәулет-жоспарлау бюросында жоғары санаттағы сәулетшi, «Көкшетау қаласының құрылыс, сәулет және жол шаруашылығы бөлiмi» ММ бастығы — Көкшетау қаласының бас сәулетшiсi, «Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылыс бөлiмi» ММ бастығы — Көкшетау қаласының бас сәулетшiсi, «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң бастығы болып қызмет жасады. 2007 жылдан бастап Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып қызмет етедi. Ақмола облысының Сәулет-Қала құрылысы Кеңесi төрағасының орынбасары. Қазақстанның Қала құрылысы Одағының мүшесi. 2015 жылы «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен,  "Үздiк мемлекеттiк қызметшi" (2017ж.) медалiмен, «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 25 жыл» (2016 ж.), мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстанның құрметтi сәулетшiсi» құрмет белгiсiмен (2013), Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi бойынша Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң құрмет грамотасымен марапатталған.

Мақаланың шыққан күні: 03.02.2016 10:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.06.2017 19:02
Қаралым саны: 337
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика