ДССССРБСЖМСНЖК
Пәтерді қайта жоспарлау үшін не қажет?

Сiзге жобалау ұйымына техникалық жобаны әзiрлеу үшiн жүгiну қажет. Егер қайта жоспарлау салмақ түсетiн конструкцияларды қозғамаған жағдайда, онда жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсаты талап етiлмейдi, қайта жоспарлағаннан кейiн пәтер меншiк иесiнiң пайдалануға қабылдауына жатады. Егер қайта жоспарлау көтергiш және қоршау конструкцияларын қозғаса, онда жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi талап етiледi, бұл жағдайда қайта жоспарлауды жүзеге асыруға ниетi бар өтiнiш берушi "Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес қайта жоспарлауға бастапқы деректердi алу үшiн "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталына өтiнiм беруге тиiс.

Мақаланың шыққан күні: 18.09.2019 16:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.09.2019 16:35
Қаралым саны: 172

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн