ДССССРБСЖМСНЖК
Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры (МҚК) — бұл қала, ауыл және әкiмшiлiк аумағының дамуын мемлекеттiк басқаратын автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

МҚК-да әкiмшiлiк аумақтар туралы, қала құрылысы қызметiнiң объектiлерi, перспективадағы қала құрылыстың даму шарты, қала құрылысы регламенттерi, инфрақұрылым объектiлерi, инженерлiк желiлер мен коммуникация туралы ақпараттар жиналады, сақталынады және қолданылады.

Қала құрылысы кадастрын жүргiзу Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң салынып жатқан, сондай-ақ салынуға жоспарланған объектiлер мен кешендерге мониторинг жүргiзудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

Заң жобасының негiзгi мақсаты елдi мекендердiң, инженерлiк құрылыстардың және желiлердiң, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жай-күйi туралы ақпараттың жеделдiгiн қамтамасыз етуге бағытталады. Осы бағытта мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының бiрыңғай жүйесiн құру көзделедi. Бұнымен қоса, авторлық қадағалауды жүзеге асыру рәсiмдерiн реттеу және нысандар құрылысына арналған алдын ала жобалау құжаттамасының мерзiмiн белгiлеу көзделедi.

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының негiзгi мақсаты қала құрылыс кеңiстiгiне сәйкес қала құрылыс, сәулет және құрылыс құжаттамасын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйенi құрастыру болып табылады.

Ақмола облысының Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры (бұдан әрi — МҚҚК) 2004 жылдың ортасынан қызмет етедi (облыстық деңгей). Ақмола облысының 1:100 000 масштабтағы электрондық картасын құру бойынша жұмыстар орындалды, облысымыздың электрондық картасында облыстың әкiмшiлiк аудандарының шекаралары, селолық округтер, қалалар, елдi мекендер, су қоймалары, орман массивтерi графикалық көрсетiлдi. Графикалық бөлiктен басқа әрбiр осы қабаттар бойынша ақпарат бөлiгi, яғни деректер базасы бар, атап айтсақ: шаруашылық субъектiлерi бойынша облыстың инженерлiк инфрақұрылымы (сумен қамту, электрмен қамту) бойынша, көлiктiк инфрақұрылымы (автожол желiсi, темiржол магистралдары) бойынша, ғимараттар мен имараттар бойынша, қала құрылысы жобалары бойынша. Басқарманың МҚҚК бөлiмiмен облыстық деңгейдегi МҚҚК АЖ деректер базасын анықтау, жаңарту және жаңа ақпаратты енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

МҚҚК құруды жүзеге асыру шегiнде «Ақмола облысының (облыстық және базалық деңгейде) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн құру» инвестициялық бағдарлама ТЭН әзiрлендi, ТЭН Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң салалық сараптамасының, Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының экологиялық сараптамасының, Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң экономикалық сараптамасының оң қорытындысын алды.

Ақмола облысының (облыстық және базалық деңгейде) МҚҚК автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйелерiн құру берiлген бағдарламаның iске асыру мақсаты болып табылады.

2010 жылы Целиноград ауданы мен Көкшетау қаласының 1 кезеңдегi базалық деңгейде қала құрылысы кадастрын құру үшiн қаржы бөлiндi.

Көкшетау қаласында МҚҚК құруды жүзеге асыру шегiнде мекен-жайылық деректермен 1:2000 масштабында электрондық картасы әзiрлендi, Көкшетау қаласының қала құрылысы жобалары (бас жобасы) деректерiнiң геоақпараттық базасы құрылды, Көкшетау қаласының кадастрлық орталығының жұмысын ұйымдастыру үшiн негiзгi техникалық құралдар алынды, Көкшетау қаласының 700 гектар аумағында инженерлiк коммуникация бөлiгiне түгендеу жүргiзiлдi.

Целиноград ауданында цифрлық кадастрлық карта, мекен-жайлық жоспарлар, елдi мекендердiң қала құрылысы жобаларының геоақпараттандырылған базалық деректерi құрылды, Целиноград ауданының кадастрлық орталығының жұмысын ұйымдастыру үшiн негiзгi техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды, мамандарды оқыту жүргiзiлдi.

2011 жылы Көкшетау қаласының инженерлiк коммуникациясын түгендеу бойынша 2268,75 гектар аумағында жұмыстарды жалғастыруға қаржылық қаражат бөлiндi.

Түгендеу үдерiсiнде Көкшетау қаласының инженерлiк инфрақұрылымына қосылған барлық ғимараттар мен имараттардың нақты кеңiстiстiк байланым өткiзiлдi. Түгендеудiң қорытынды нәтижелерi инженерлiк коммуникация балансын ұстаушылармен келiсiлдi.

2014 жылдың 21 қаңтарында «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл құжат сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк реттеудi жетiлдiруге бағытталған, сонымен қатар ҚР мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының бiрыңғай жүйесiн құруды қарастырады. Осы жүйе өңiрлерде филиалдармен республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды құруды көздейдi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысы бойынша "Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын

басқару комитетiнiң "Республикалық мемлекеттiк қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (РМК «Мемқалақұрылыс кадастры») құрулды.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242 Заңының 24, 25, 26-баптарына сәйкес облыстар, облыстық маңызы бар қалалар мен аудардардың сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiнiң құзыретiне мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректер базасына енгiзу үшiн белгiленген тәртiпте ақпараттар мен (немесе) мәлiметтердi ұсыну жатады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзудiң және одан ақпарат және (немесе) мәлiметтер ұсынудың қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 22 мамырда № 11111 тiркелдi

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзудiң және одан ақпарат және (немесе) мәлiметтер ұсынудың қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мерзiмдi баспа басылымдарына және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялануға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрi Е. Досаев

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрi

____________ А. Мамытбеков

2015 жылғы 1 сәуiр

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасының

Бiлiм және ғылым министрi

____________ А. Сәрiнжiпов

2015 жылғы 26 наурыз

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтiк даму министрi

____________ Т. Дүйсенова

2015 жылғы 16 сәуiр

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрi

____________ Ә. Исекешев

2015 жылғы 21 сәуiр

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрi

____________ Б. Сұлтанов

2015 жылғы 3 сәуiр

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрi

____________ А. Мұхамедиұлы

2015 жылғы 10 сәуiр

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасының

Iшкi iстер министрi

____________ Қ. Қасымов

2015 жылғы 6 сәуiр

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрi

____________ В. Школьник

2015 жылғы 23 наурыз

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрiнiң

2015 жылғы 20 наурыздағы

№ 244 бұйрығымен бекiтiлдi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын

жүргiзу және одан ақпарат және (немесе) мәлiметтер ұсыну

қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу және одан ақпарат және (немесе) мәлiметтер ұсыну қағидасы (бұдан әрi — Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу және одан ақпарат және (немесе) мәлiметтер ұсыну тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) аумақтың кадастрлық жоспары — картографиялық негiзде жасалған және сұратылып отырған мәлiметтер онда графикалық және мәтiндiк нысанда көрсетiлген кадастрлық орамның немесе тиiстi сұрауда көрсетiлген өзге кадастрлық орам шегiндегi аумақтың тақырыптық жоспары;

2) геоақпараттық жүйе (сондай-ақ географиялық ақпараттық жүйе) — Жер туралы, жер бетiнiң объектiлерi, шынайы әлемнiң табиғи, техногендiк және қоғамдық процестерi мен құбылыстары туралы кеңiстiк ақпаратын жинауды, жинақтауды, сақтауды, талдауды және таратуды қамтамасыз ететiн бағдарламалық жүйе;

3) кезекшi жоспар — бұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң жүзеге асуына мониторинг жүргiзуге арналған мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылатын қағаз және (немесе) электрондық тасығыштардағы картографиялық негiз;

4) геокеңiстiк объектiсi — геодезиялық (географиялық) координаталардың белгiленген жүйесiнде Қазақстан Республикасының аумағында белгiлi бiр орналасуымен сипатталатын объект;

5) кадастрлық анықтама — қала құрылысы кадастрының сұрау салынатын ресми мәлiметтерiн қамтитын және белгiлi бiр аумақта қолданылатын қала құрылысы регламенттерiн, қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру жағдайларын, жер учаскелерiн және оларда орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалану жөнiндегi талаптар мен шектеулердi, басқа анықтамалық мәлiметтердi сипаттайтын құжат;

6) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының есепке алу бiрлiктерi — көлемдiк, жазықтық және сызықтық құрылыстардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жалпы Қазақстан Республикасының, облыстардың, аудандардың, елдi мекендердiң, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң ұйымдастырылған және пайдаланылатын аумағының элементтерi;

7) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының есепке алу бiрлiгiн тiркеу — iс-қимылды жүзеге асыру нәтижесiнде Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының есепке алу бiрлiгi Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң деректер базасына енгiзiледi, графикалық түрде көрiнедi және онымен байланысты құжаттар Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының ақпараттық ресурстарына енгiзiледi, барлық қала құрылысы қызметiне қатысушылардың сақтауы үшiн мiндеттi деген мәртебе ала отырып онда тiркеледi және сақталады;

8) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесi — картографиялық және атрибутивтiк кеңiстiкте үйлестiрiлген деректердi (геокеңiстiк деректерiн) жинауды, сақтауды, өңдеудi, қол жеткiзудi, бейнелеудi және таратуды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының мамандандырылған ақпараттық жүйесi;

9) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры жүйесiнiң ақпараттық ресурстары — бекiтiлген қала құрылысы, жобалау және жоспарлау құжаттамасы, оның құрамы мен мазмұны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасында айқындалған;

10) электрондық карта — мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының цифрлық картографиялық негiзi;

11) топографиялық жоспар — жергiлiктi жердiң жоспарының растрлық немесе жүктелген векторлық суретi бар, тиiстi масштабта орындалған электрондық карталар түрiндегi картографиялық (топогеодезиялық) негiз.

3. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры мемлекеттiк органдарды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, жеке және заңды тұлғаларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.

4. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөнiндегi қызмет мемлекеттiк монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi — Кәсiпорын) жүзеге асырады.

5. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының геоақпараттық дерекқоры қолданыстағы, жоспарланып және жобаланып отырған құрылыс (реконструкция) объектiлерi туралы кеңiстiк ақпаратын қамтуы тиiс және Жерде позициялау үшiн координаталардың үшөлшемдi жүйесiнде қала құрылысы кадастрының республикалық, облыстық деңгейлерiнiң, координаталардың жергiлiктi жүйесiнде — аудандық, базалық деңгейлердiң есепке алу бiрлiктерiн жiктеу мен кодтаудың бiрыңғай жүйесiне сәйкес цифрлық нысанда жасалады.

6. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры аумақтардың, ғимараттар мен құрылыстардың, шағын сәулет нысандары мен абаттандыру элементтерiнiң бұрынғы және қазiргi жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен салуды қала құрылыстық жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi кездегi және келешектегi мақсаты, экологиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз ету туралы мәлiметтердi қамтиды. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры мемлекеттiк ақпараттық ресурс болып табылады, ақпараттық қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу тәртiбi

7. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүргiзу Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесi арқылы жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын құрған кезде Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне арналған ақпараттық ресурстарды электрондық түрде ұсынатын базалық субъектiлер айқындалады, оның iшiнде:

1) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган — жергiлiктi жер объектiлерiнiң өзгерiсiне әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты;

2) бiлiм беру және ғылым саласындағы уәкiлеттi орган — бiлiм беру және ғылым объектiлерi туралы ақпаратты (нақты және жобаланатын);

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган — республикалық маңызы бар денсаулық сақтау объектiлерi туралы ақпаратты;

4) жергiлiктi атқарушы органдар — сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика, денсаулық сақтау, тарихи-мәдени мұра салаларындағы мәлiметтердi;

5) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға тапсырыс берушiлер, әзiрлеушiлер не бас жобалаушылар — бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректер қорына ұсыну;

6) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган — кен орындарының және пайдалы қазбалардың көрiнiс-белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрынан (кен орындарымен кен көрiнiс-белгiлерi паспорттарының электрондық нұсқалары, Қазақстан Республикасының кен орындарының және кен көрiнiс-белгiлерiнiң анықтамалық ақпараты) сұрату бойынша деректердi ұсыну (сұратуға сәйкес);

7) кәсiпорындар және ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, коммуналдық кәсiпорындар және пайдалану қызметтерi, тiркеу, техникалық түгендеу және жылжымайтын мүлiктi бағалау қызметтерi — аумақтық объектiлердi есепке алу бiрлiктерiнiң деректерiн (күрделi құрылыс объектiлерi, жасыл екпелер және аумақты абаттандыру объектiлерi, инженерлiк коммуникациялар);

8) көлiк, үйлестiру және реттеу саласындағы уәкiлеттi орган — құрылыс және көлiк инфрақұрылымын (нақты және жобалау) пайдалану саласындағы қызмет туралы ақпаратты;

9) су ресурстарын басқару, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган — мемлекеттiк су кадастрының деректерi, орман қорын мемлекеттiк есепке алу туралы ақпарат және мемлекеттiк орман кадастрының, жануарлар дүниесi мемлекеттiк кадастрының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрының деректерi;

10) мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этника аралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, мұрағат iсi және құжаттандыру, дiни қызмет, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган — Қазақстан Республикасының мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн есепке алу деректерiн;

11) салалық кадастрлық және басқа инфрақұрылымдық қызметтер — аумақтық объектiлердi есепке алудың тиiстi бiрлiктерiне, тiркелiмдерге, өзге де деректер банкiне қатысты жер, су және басқа салалық кадастрлар деректерiн;

9. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының базалық субъектiлерiнен келiп түсетiн мәлiметтер мен құжаттарды қалыптастыру және өзектiлендiру, жүйеге келтiру, жинақтау және тiркеу арқылы жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:

1) республикалық;

2) облыстық;

3) облыстағы аудандық;

4) базалық (республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоса алғанда, елдi мекендер) болып бөлiнедi.

11. Республикалық деңгейде Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры жүйесiне:

1) аумақтарды пайдалану, ел аумағын экологиялық, инженерлiк-геологиялық, сейсмикалық, гидрогеологиялық және басқа аудандарға бөлу мәселелерi жөнiндегi салалық кадастрлар мен ақпараттық жүйелердiң салалық ресурстарының деректерi;

2) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы;

3) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының төмен тұрған аумақтық деңгейлерi дерекқорларының көшiрмелерi;

4) мемлекеттiк шекара және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң шекаралары;

5) облыстық деңгейдегi Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесi деректерiнiң негiзiнде елдi мекендердiң бас жоспарларын әзiрлеудiң жай-күйiн мониторингтеу нәтижелерi туралы ақпарат және (немесе) мәлiметтер енгiзiледi.

12. Облыстық деңгейде Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры жүйесiне:

1) елдi мекендер шегiнен тыс орналасқан облыстық маңызы бар объектiлерi бар облыстар аумақтарын және аумақтың жекелеген бөлiктерiн жоспарлау схемалары;

2) елдi мекендердiң бас жоспарларын, аумақтарды аймаққа бөлу жоспарларын және бөлшектеп жоспарлау жоспарларын әзiрлеудiң жай-күйiне мониторинг жасау нәтижелерi;

3) мемлекеттiк жер кадастры деректерiнiң негiзiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң шекаралары;

4) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының төмен тұрған деңгейлерi дерекқорларының көшiрмелерi;

5) салалық кадастрлардың ақпараттық ресурстары мен тиiстi салалық кадастрлар мен ақпараттық жүйелерден келiп түскен деректер негiзiнде аумақтарды пайдалану, облыстар аумағын экологиялық, инженерлiк-геологиялық, сейсмикалық, гидрогеологиялық және басқа аудандарға бөлу мәселелерi бойынша ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтер енгiзiледi.

13. Аудандық деңгейде Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры жүйесiне:

1) аудандық маңызы бар қалалардың, қалалық типтегi кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларының;

2) аумақтарды пайдалану, аудан аумағын кадастрлық, экологиялық, инженерлiк-геологиялық, сейсмикалық, гидрогеологиялық және басқа аудандарға бөлу мәселелерi бойынша салалық кадастрлар мен ақпараттық жүйелердiң ақпараттық ресурстарының;

3) елдi мекендер шегiнен тыс орналасқан аудандық маңызы бар объектiлерi бар аудан аумағы мен аумақтың жекелеген бөлiктерiн жоспарлау схемалары туралы;

4) мемлекеттiк жер кадастры деректерiнiң негiзiнде ауданның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң шекаралары туралы мәлiметтер;

5) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының төмен тұрған деңгейлерiнiң дерекқорлары көшiрмелерi;

6) аудан аумағы бойынша кезекшi жоспарлар және электрондық карталар енгiзiледi.

14. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры жүйесiнiң базалық деңгейiне:

1) инфрақұрылымды дамыту, тарих, мәдениет және табиғат ескерткiштерiн қорғау, аумақты көгалдандыру, абаттандыру және қорғаудың бекiтiлген қала құрылысы бағдарламалары, схемалары мен жобалары, жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi шешiмдерiнiң негiзiндегi инвестициялық бағдарламалар мен жобалар;

2) ведомстволық бағынысты аумақтағы құрылыс салу және өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беру, ал заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда қала құрылысы қажеттiлiктерi үшiн алып қою жөнiндегi шешiмдер;

3) ғимараттар мен құрылыстар, олардың құқықтық режимi, техникалық жай-күйi, сәулеттiк және тарихи-мәдени құндылығы;

4) елдi мекеннiң және оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң шекаралары;

5) елдi мекеннiң бас жоспары, аумақты аймаққа бөлу жоспары, бөлшектеп жоспарлау жоспарлары, өнеркәсiптiк аймақтарды жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, басқа жоспарлау жобалары;

6) жекелеген аумақтар мен жер учаскелерiнiң экологиялық және инженерлiк-геологиялық сипаттамалары, тиiстi қала құрылысы құжаттамасының, болашақ құрылыс учаскелерi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе маңызының аздығы туралы қорытындының, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және басқа зерттеулер деректерiнiң негiзiнде жоспарлық шектеулердi ескере отырып, онда қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру мүмкiндiгi, сондай-ақ тиiстi салалық кадастрлар мен ақпараттық жүйелерден алынған аумақтарды пайдалану мәселелерi бойынша деректер;

7) жер учаскелерiн таңдау актiлерi;

8) жобалауға арналған тапсырмалар;

9) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылуға арналған техникалық талаптар;

10) инженерлiк коммуникацияларға қосылуға арналған актiлер;

11) масштабы кемiнде 1:500 топографиялық карталар, елдi мекен аумағына арналған жоспарлардың, жоспарлық-картографиялық негiздiң, құрылысы аяқталған инфрақұрылым объектiлерiнiң инженерлiк-геодезиялық атқарушылық түсiрiлiмдерiнiң және қала құрылысы мониторингiнiң нәтижелерi негiзiнде елдi мекен аумағының бiрыңғай цифрлық картографиялық негiзi;

12) кадастрлық орамдар, жердi бағалау аудандарының шекаралары, жер учаскелерiнiң шекаралары, жер учаскелерiнiң, ғимараттардың, құрылыстардың кадастрлық нөмiрлерi, аяқталмаған құрылыс объектiлерi, жер учаскелерiнiң нысаналы мақсаты, жер пайдалану, меншiк құқығы, мемлекеттiк жер кадастры деректерiнiң негiзiнде жер учаскелерiн пайдаланудағы шектеулер;

13) қолданыстағы объектiлердi өзгертуге немесе жаңаларын салуға арналған мүдделi жеке және заңды тұлғалардың (өтiнiш берушiлердiң) өтiнiштерi, жер учаскесiн беру туралы өтiнiштер;

14) құрылыс жобалары, оның iшiнде эскиздық жобалар;

15) құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiктiк коммуникацияларды салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылыстарды (объектiлердi) консервациялау, қалалық маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер;

16) қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары;

17) мемлекеттiк және мемлекетаралық жобаларды қоса алғанда, жобалар сараптамаларының қорытындылары;

18) жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсiлген эскиздық жобалар;

19) сәулет-жоспарлау тапсырмалары;

20) табиғи, техногендiк, антропогендiк сипаттағы әсерлерге ұшыраған елдi мекендерде болған қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердi мониторингтеу нәтижелерi;

21) топографиялық жоспарлардың және жергiлiктi атқарушы органдардың қала аумағындағы объектiлердiң мекен жайларын беру және өзгерту туралы шешiмдерiнiң негiзiндегi қала аумағындағы мекен жайлар тiзiлiмi;

22) топографиялық жоспарлардың және жергiлiктi атқарушы органдардың көшелердiң атауы (қайта атау) және жергiлiктi жердiң атау берiлген басқа объектiлерi туралы шешiмдерiнiң негiзiнде көшелер атауларының және жергiлiктi жердегi объектiлердiң басқа атауларының тiзiлiмi;

23) топографиялық карталардың және жоспарлардың, инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылым саласындағы пайдалану қызметтерi деректерiнiң, құрылысы аяқталған инфрақұрылым объектiлерiнiң инженерлiк-геодезиялық атқарушылық түсiрiлiмдерi нәтижелерiнiң негiзiндегi инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылым;

24) топографиялық карталар және жоспарлар, техникалық түгендеу деректерi;

25) iргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары;

26) елдi мекендер бойынша кезекшi жоспарлар және электрондық карталар енгiзiледi.

15. Кәсiпорын:

1) ақпарат алмасу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды және басқа кадастрлармен, тiзiлiмдермен және ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасуды;

2) ақпаратты сақтау және мұрағаттау жүйелерiне қызмет көрсетудi;

3) аумақты пайдаланудың жай-күйi туралы ақпаратты жинақтауды және талдамалық есептер құрастыруды;

4) заңнамада белгiленген тәртiппен кадастрлық жүйеге тiкелей санкцияланған қатынасты қамтамасыз етудi;

5) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу құралдарын дамыту мен жетiлдiрудi;

6) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзудiң үлгiлiк әдiстемелiк және нормативтiк құжаттарын бейiмдеу мен толықтыруды;

7) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының бағдарламалық және техникалық құралдарына қызмет көрсетудi;

8) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының ақпараттық ресурстарына санкцияланған қатынас шегiнде пайдаланушылардың сұратуларына кадастрлық анықтамалар қалыптастыруды және оларды берудi;

9) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының базалық субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасауды және Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрында тiркелуге жататын ақпаратты олардан тұрақты түрде алуды;

10) кадастрлық iстер мен құжаттар қалыптастыруды және оларды берудi;

11) мемлекеттiк нормативтерге сәйкес ақпаратты санкцияланбаған қатынастан қорғау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;

12) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын, кезекшi жоспар мен электронды карталардын жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.

16. Мыналар кадастрлық ақпараттың пайдаланушылары болып табылады:

1) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның ведомствосы — жердi пайдалану, елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, жекелеген жер учаскелерiнiң шекараларын белгiлеудi ұйымдастыру, аумақтың қала құрылыстық құндылығын ескере отырып, жерге төленетiн төлемдердiң мөлшерi мен жер учаскелерiнiң нормативтiк бағасын белгiлеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, елдi мекендер жерлерiнiң мониторингiн жүргiзу мәселелерiн реттеу үшiн;

2) жер қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган — жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын бақылау үшiн;

3) қала құрылысы құжаттамасының тапсырыс берушiлерi, құрылыс салушылар — құрылыс салуға жерлер беру, жер учаскелерiне құрылыс салудың қала құрылысы шарттары мен шектеулерiн алу, жобалау тапсырмасын, құрылыс объектiсiн инженерлiк қамтамасыз етуге қатысты техникалық талаптар, құрылыс салу, құрылыс паспортын қалыптастыру бойынша iздестiрулер мен жұмыстар жүргiзу үшiн;

4) қаржы мекемелерi, инвесторлар, сақтандыру компаниялары — аумақтың қала құрылысы құндылығын ескере отырып, ренталық төлемдердi айқындау, инвестициялық қызметтi бағалау үшiн;

5) басқа орталық атқарушы органдар мен ведомстволар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар — қала құрылысы қажеттiлiктерiне арналған тиiстi ақпаратты алу үшiн;

6) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган — мемлекеттiк мүлiктi есепке алу үшiн;

7) ресурстық және құқықтық қатынаста аумақты теңгерiмдi дамыту, инвестициялау басымдықтарын айқындау жөнiндегi мiндеттердi шешу мен ұсыныстар әзiрлеуге жауапты органдар — өз функцияларын орындау үшiн;

8) салық органдары — жерге және басқа жылжымайтын мүлiкке салық салу мөлшерiн белгiлеу, жылжымайтын мүлiк айналымын пайдалануды құқықтық реттеу үшiн;

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау, iздестiру, ғылыми-зерттеу және құрылыс кәсiпорындары — тиiстi жұмыстарды орындауға арналған бастапқы деректердi алу үшiн;

10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар — елдi мекендер аумақтарының ұтымды пайдаланылуын бақылау, қала құрылысы регламенттерiн сақтау және жобалардың iске асырылуын талдау үшiн.

3. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрына енгiзу үшiн ақпаратты

және (немесе) мәлiметтердi ұсыну тәртiбi

17. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрына енгiзу үшiн базалық субъектiлерден ақпарат және (немесе) мәлiметтер қағаз немесе магнит тасығыштарда, сондай-ақ Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры объектiлерiн есепке алу орны бойынша техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана отырып, Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректер банкiне тiкелей қолжетiмдiлiк түрiнде ұсынылады.

18. Базалық субъектiлер болып табылатын орталық атқарушы органдардың ақпаратын және (немесе) мәлiметтерiн Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрына енгiзу үшiн ұсыну әр айдың 15 күнiнен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.

19. Базалық субъектiлер болып табылатын орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң ақпаратын және (немесе) мәлiметтерiн Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн ұсыну әр айдың 10 күнiнен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.

20. Жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс саласындағы уәкiлеттi жергiлiктi атқарушы органдардың ақпаратын және (немесе) мәлiметтерiн Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына ұсыну апта сайын жүзеге асырылады.

21. Коммуналдық кәсiпорындар мен пайдалану қызметтерiнiң инженерлiк коммуникациялар мен инфрақұрылым трассаларын келiсуi (жөндеу) туралы ақпаратын және (немесе) мәлiметтерiн Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрына ұсыну апта сайын жүзеге асырылады.

22. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi жергiлiктi атқарушы органдардың ақпаратын және (немесе) мәлiметтерiн ұсыну күн сайын жүзеге асырылады.

23. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс берушiлердiң, әзiрлеушiлердiң, бас жобалаушылардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсынуы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрынан мәлiметтер беру тәртiбi

24. Кәсiпорын «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-1 Заңына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын деректерден басқа Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрына енгiзiлген деректердi жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша бередi.

25. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрына енгiзiлген ақпарат және (немесе) мәлiметтер:

1) аумақтың кадастрлық жоспары;

2) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының есепке алу бiрлiктерi туралы кадастрлық анықтама түрiнде ұсынылады.

26. Аумақтардың кадастрлық жоспарлары түрiнде берiлетiн мәлiметтердi қоспағанда, Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрына енгiзiлген мәлiметтер кәсiпорын тиiстi сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде ұсынылады.

Аумақтардың кадастрлық жоспарлары түрiнде сұратылатын мәлiметтердi ұсыну мерзiмi кәсiпорын тиiстi сұратуды алған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайды.

27. Мемлекеттiк қызметтер ұсынатын орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ведомствоаралық сұратулары бойынша сұратылатын мәлiметтер, оның iшiнде аумақтардың кадастрлық жоспарлары кәсiпорын ведомствоаралық сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады.

28. Егер сұратылып отырған мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беруге жол берiлмесе немесе Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрында сұратылатын мәлiметтер болмаса, Кәсiпорын үш күндiк мерзiмде сұратылған мәлiметтердi беруден бас тарту туралы негiздi шешiмдi не сұратылатын мәлiметтердiң Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрында жоқ екенi туралы хабарламаны жiбередi.

Мемлекеттiк құпияларды және өзге де шектеулердi қамтымайтын Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының ақпараты және (немесе) мәлiметтерi мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы және ақысыз негiзде көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiне сәйкес ақылы негiзде ұсынылады.

Мемлекеттiк қызметтер ұсынатын мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының ақпаратын және (немесе) мәлiметтерiн беру ақысыз негiзде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамасын әзiрлеу және iске асыру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту және өзгерту, инвестициялық қызметтi бағалау, қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру, сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау кезiнде пайдаланылуға жатады және қажеттi жағдай болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 03.02.2016 09:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.02.2016 18:10
Қаралым саны: 654
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика