ДССССРБСЖМСНЖК
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және алдын алу бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат (01.11.2015 ж.)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және алдын алу мақсатында «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңiрлiк бағдарламаны iске асыру шегiнде бекiтiлген жоспарға сәйкес сәйкестендiрiлген жұмысты өткiзедi.

Басқармамен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуына бақылау жүзеге асырылуда. 2015 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбына оқу өткiзiлген болатын.

Персаналды басқару қызметi мемлекеттiк қызметке түскендердiң құжаттарын арнайы тексерiстен өту үшiн құжаттарды уақытылы ұсыну және басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiмен табыс және мүлiк туралы декларацияны уақытылы тапсыруды бақылауда.

Сонымен қатар, басқармада сенiм телефоны бар және сенiм телефонына түскен қоңырауларын есепке алатын журнал жүргiзiлуде. Сенiм телефонының нөмiрi туралы ақпарат басқарманың ресми сайтында www.saulet.akmol.kz, сонымен қатар басқарма ғимаратының ақпараттық стендiнде орналасқан және жыл сайын ресми баспада («Арқа ажары» газетi) орналастырылған.

Мақаланың шыққан күні: 22.02.2016 09:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.02.2016 09:41
Қаралым саны: 185
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика