AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат (21.04.2017 ж.)

2017 жылдың наурыз айында "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Мемлекеттiк қызмет туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" заңдарының нормаларын түсiндiру бойынша жалпыға бiрдей құқықтық оқу өткiзiлдi. Оны өткiзу барысында басқарманың әкiмшiлiк-қаржы бөлiмiнiң бас маман — заңгерi А. И. Жакуповтың баяндамасы тыңдалды.

Басқарма қызметкерлерi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген тәртiбi мен мерзiмдерiн сақтайды.

Еңбек және атқарушылық тәртiптiң бұзылуының алдын алу мақсатында мамандардың өз функционалдық мiндеттерiн орындауына бақылау жүргiзiледi.

Басқарма қызметкерлерi (және олардың жұбайлары) "сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы"ҚР Заңының 11-бабына сәйкес кiрiстер мен мүлiк туралы мәлiметтердi уақтылы табыс еттi.

Мақаланы құрған күні 21.04.2017 18:21
Мақаланы жаңартқан күні 14.09.2018 09:53
Қаралым саны: 2025
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы