ДССССРБСЖМСНЖК
Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы»заңына (ары қарай — заң), сондай-ақ сәулет және қала құрылысы қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес, «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ (ары қарай — басқарма)облыстың қалалары мен елдi мекендерiнiң сәулеттiк бейнесiн жақсарту және аумақты қала құрылыстық игеру мәселелерi жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзуде.

Заңның 47-баптың 1-тармағына сәйкес елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады. Ақмола облысындағы 623 елдi мекеннiң бас жоспармен қамтамасыз етiлгенi 455, бұл 73% құрайды.

Осы бағытта Басқармамен жаңа бас жоспарлар мен егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын (ЕЖЖ) әзiрлеу және қолдағы бар қала құрылысы құжаттарын жаңарту бойынша ұйымдастыр, сондай-ақ оларды келiсу жұмыстары жүзеге асырылады. Облыстық деңгейдегi қалалар Көкшетау және Степногорск, сондай-ақ барлық аудандық деңгейдегi 8 қалалар және облыстың аудан орталықтары жаңа бас жоспармен қамтамасыз етiлген.

2016 жылы Басқармамен Астана агломерациясын аумақтық өңiраралық дамыту схемасы қарастырылды және келiсiлдi.

Сонымен қатар, 2016 жылы бекiтiлдi:

-Бурабай ауданын қала құрылыстық жоспарлаудың кешендi жобасы.

-Целиноград ауданы Қосшы ауылының бас жоспарын түзету.

-Аршалы ауданы 42 Разъезд және Жарқайың ауданы Бiрсуат ауылдары елдi

мекендерiнiң құрылыс салу және дамыту схемалары.

-Бурабай ауданы Щучинск қаласы және Целиноград ауданы Ақмол ауылы

аумақтары бөлiктерiнiң ЕЖЖ.

Орындалды:

-Зерендi ауданы Садовое және Целиноград ауданы Қараөткел, Қажымұқан

елдi мекендерiнiң бас жопарларына түзету.

-Жарқайың ауданы Тасөткел және Жақсы ауданы Ишим елдi мекендерiнiң

құрылыс салу және дамыту схемалары.

-Зерендi ауданы Зерендi ауылының бөлiгiнiң және Бұланды ауданы Макинск қаласының оңтүстiк өндiрiстiк аймағының ЕЖЖ әзiрлендi.

-Степногорск қаласы Бестөбе кентiнiң топографиялық түсiрiлiмi.

2016 жылы Көкшетау қаласы бойынша Ш.Уәлиханов көшесiнiң ЕЖЖ әзiрлеу аяқталды.

2016 жылы қала бойынша барлығы 46 ЕЖЖ, соның iшiнде 45 инвесторлардың қаражатын тарту арқылы.

Сондай-ақ 2016 жылы Целиноград ауданы Қосшы ауылына ЕЖЖ бiрлескен бас жоспары және «Бурабай ауданын дамытудың қала құрылыстық жоспарлаудың кешендi жобасын (аудандық жоспарлау) түзету» жобалары бойынша Кешендi қала құрылыстық сараптама өткiзiлдi

Елдi мекендердi бас жоспарлармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында, оларды әзiрлеу Ақмола облысы аумағын дамыту бағдарламасы iс шаралар жоспарына енгiзiлдi.

Сонымен қатар, 2016 жылы 2017-2020 жылдарға арналған Ақмола облысының елдi мекендерiнiң қала құрылыстық жобаларын (бас жоспарлар, дамыту және құрылыс салу схемалары (бас жоспардың жеңiлдетiлген нұсқасы), егжей тегжейлы жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) әзiрлеу Кестесiне (ары қарай — Кесте) бекiтiлдi, ол аудандар мен қалалардың әкiмдерiне орындау үшiн жеткiзiлдi.

Аталған Кестеде негiзгi назар қарқынды дамып келе жатқан Астана қаласына iргелес жатқан аймақтағы, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы елдi мекендердi, сондай-ақ тiрек елдi мекендердi бiрiншi кезекте бас жоспарлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқарманың жұмысындағы басымдықтардың бiрi Ақмола облысының мемлекеттiк қала құрылыстық кадастрының (ары қарай — МҚК) ақпараттық жүйесiне мәлiмет жинау болып табылады. Алдын, МҚК құру аясында Целиноград ауданы елдi мекендерi мен Көкшетау қаласы ның мекенжай деректерi бар электрондық карта әзiрлендi, қала құрылыстық жобалардың (бас жоспарлардың) геоақпараттық деректер базасы құрылды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшiн негiзгi техникалық құралдар мен серверлiк жабдықтар сатып алынды. Көкшетау қаласының 2969 га аумаққа инженерлiк коммуникацияларды түгендеу жүргiзiлдi. Басқармада облыс аумақтарын қала құрылыстық игеру туралы ақпараттарды МҚК деректер базасына енгiзу бойынша жүмыстар үнемi жүргiзiледi.

Сондай-ақ басқарманың функцияларының бiрi облыстың аудандар мен қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiмен мекенжай тiркелiмiнiң ақпараттық жүйесiн (ары қарай МТ АЖ) енгiзу бойынша монитроингтi iске асыру болып табылады.

«Қол жетiмдi баспана 2020» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде басқармамен қалалар мен аудандар бойынша жеке түрғын үй құрылысына мониторинг жүзеге асырылады.

2016 жылы жалпы ауданы 192 мың.м.кв. асатын 1280 жеке тұрғын үйлер пайдалануға берiлдi, бұл 2015 жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда 108% құрайды.

Сонымен қатар, басқармамен облыс елдi мекендерiндегi шағын және орта бизнес нысандарын пайдалануға беру бойынша мониторинг жүзеге асырылады, 2016 жылы әртүрлi мақсаттағы 212 нысан пайдалануға берiлдi. Басқарма нысандарды пайдалануға беру туралы ақпараттарды салық салуды жүзеге асыру үшiн облыстық салық департаментiне ай сайын жолдайды.

Басқарма екi мемлекеттiк қызмет көрсетуг үшiн тiкелей уәкiлеттi, олар: «Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» . 2016 жылы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау жөнiнде шешiм беру бойынша 5 қызмет көрсетiлдi.

Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша барлық ақпараттар басқарманың интернет ресурсында saulet.akmo.gov.kz орналастырылған.

Сәулет және ала құрылысы саласында заңнамалық және нормативтiк базаны жетiлдiру мақсатында, Басқармамен 2016 жылы Жер Кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» заңына, Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларына, Құрылыс нормалары мен ережелерiне (ҚНжЕ), нұсқаулықтарға және тағы басқа да нормативтiк құжаттарға өзгерiстер енгiзу туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға, сонымен қатар Ақмола облысының кәсiпкерлер палатасына тұрақты түрде ұсыныстар енгiзiлдi. Сонымен қатар, 2016 жылы Басқарма орталық уәкiлеттi органдарға келесi мемлекеттiк қызметтiң жаңа стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу барысында өз ұсыныстарын ұсынды және қатысты: «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру», «Тiреу конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру», сондай-ақ «Эскиздiк жобаны келiсуден өткiзуге» жаңа стандарттар мен регламенттер.

Өз функцияларына сәйкес Басқарма бас жоспарлар мен егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және де ең маңызды нысандардың эскиздiк жобалары қарастырылатын Ақмола облысы Сәулет-Қала құрылысы Кеңесiнiң жұмысшы органы болып табылады.

Басқармамен сондай-ақ облыстық деңгейдегi қалалардың және аудан орталықтарының сәулеттiк бейнесiн жақсарту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргiзiледi.

2016 жылы орталық алаңдарды, көшелердi, демалыс орындарын абаттандыру бойынша әдiстемелер, тұжырымдамалар және сәулеттiк ұсыныстар әзiрленiп, аудандар мен қалалардын әкiмдерiне жеткiзiлдi. Аталған жұмыс тұрақты бақылауда болады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған, Ақмола облысының мәдениет күнiн өткiзу шеңберiнде, Басқарма көрмеге қатысып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жетiстiктер жөнiндегi материалдарды ұсынды.

2016 жылы, Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам — Ұлт жоспарының «Қылмыстық құқық бұзу картасы»интернет-порталын құруды қарастыратын 32-шi қадамын iске асыру мақсатында, Басқармамен Ақмола облысы елдi мекендерiнiң векторлық картасын әзiрлеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Электрондық карталар «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталына әрi қарай енгiзу үшiн «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитеттiң Ақмола облысы бойынша басқармасы» ММ-не берiлдi.

Сонымен қатар, Басқарма орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, отандық және шетелдiк жобалаушылардың өкiлдерiнiң қатысуымен жыл сайын өткiзiлетiн Қазақстанның қала құрылысшылары одағының Форумына белсендi түрде қатысады. 2016 жылдың 6 желтоқсанында Алматы қаласында Қазақстанның қала құрылышылары одағының кезектi XIV-шi Қала құрылыстық форумы болып өттi. Ақмола облысынан жүзеге асырылған және жүзеге асырылатын жобалар бойынша демонстрациялық материалдар қойылды. Бiздiң Басқарма Ақмола облысының елдi мекендерiн қала құрылыстық дамытуға қосқан үлесi үшiн Қазақстанның қала құрылысшылары одағынан дипломмен мараппатталды.

Мақаланың шыққан күні: 29.06.2017 16:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2017 17:04
Қаралым саны: 461
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика