ДССССРБСЖМСНЖК
Ақмола облысы сәулет және қала құрылысы саласында 2017-жылға арналған ақпарат және 2018 жылға арналған міндеттер

Болашақта елдi мекендерге құрылыс салу мен дамыту үшiн негiзгi құжаттар болып табылатын қала құрылысы құжаттарымен (бас жоспарлар, құрылыс салу және дамыту схемалары, егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары) облыстың елдi мекендерiн қамтамасыз ету басқарма қызметiнiң басты бағыттары болып табылады.

Мәселен, бүгiнгi таңда облыстың 622 елдi мекенiнiң 48 елдi мекенi бас жоспармен қамтамасыз етiлген, бұл 77,2% құрайды. Оның iшiнде 2006 жылдан бастап әзiрленген бас жоспарлар — 91. Бұл ретте облыстық деңгейдегi қалалар (Көкшетау және Степногорск) және барлық 17 аудан орталығы (оның iшiнде 8 қала) бас жоспармен толық қамтамасыз етiлген.

Бiрiншi кезекте Астана қ. қала маңы аймағы мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы қарқынды дамып жатқан елдi мекендерге назар аударылады.

Аталған бағытта Басқармамен бас жоспарлар мен егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын түзету және жаңасын әзiрлеу, сондай-ақ оларды келiсу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылады.

Астана қ. қала маңы аймағы бойынша:

Астана қ. қала маңы аймағына кiретiн 80 елдi мекеннiң 63 елдi мекенiнде бас жоспарлары бар, оның iшiнде 45 жаңа бас жоспар.

2017 жылы 9 елдi мекеннiң құрылыс салу және дамыту схемалары (бас жоспардың жеңiлдетiлген нұсқасы) әзiрленiп, қазiргi уақытта бекiту сатысында: Целиноград ауданының Новоишимка, Родина, Отаутүскен, Жалғызқұдық, Тасты, Красноярка, Оразақ, Приречное және Семеновка.

Қазiргi уақытта Целиноград ауданы Қараөткел ауылының бас жоспарын түзету бекiтiлдi, сондай-ақ Қоянды және Талапкер ауылдарының бас жоспарын түзету бекiту сатысында.

Көкшетау қаласы бойынша:

Көкшетау қаласының 2008 жылы бекiтiлген бас жоспарға сәйкес 2010 жылдан бастап 97 учаскеге егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы әзiрлендi.

Сонымен қатар, 2017 жылы қаланың үш учаскесi бойынша егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы әзiрлендi: Қылшақты өзенi ауданында аумағы 72 га, Василковский ықшам ауданының солтүстiгiнде 94 және 28 га учаскеде.

Сондай-ақ ағымдағы жылы Аршалы ауданы Анар, Егiндiкөл ауданы Бауманское, Ерейментау ауданы Новомарковка, Есiл ауданы Заречное, Ақсай, Жарқайың ауданы Уәлиханов, Достық, Зерендi ауданы Еленовка ауылдарының құрылыс салу және дамыту схемалары, Степногорск қаласы Солнечный ықшам ауданының егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы, Бестөбе кентiнiң бас жоспары бекiтiлдi.

Басқарма өзiнiң функцияларына сәйкес Ақмола облысының сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады. 2017 жылы және 2018 жылдың 8 айы iшiнде Қала құрылысы кеңесiнiң 10 отырысы өткiзiлдi, онда Аршалы, Есiл, Ерейментау, Жарқайың, Егiндiкөл, Зерендi, Целиноград аудандары елдi мекендерiнiң құрылыс салу және дамыту схемалары және Степногрск қаласы Бестөбе кентiнiң бас жоспары, сондай-ақ Көкшетау қаласы учаскелерiнiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және елдi мекендердiң сәулеттiк келбетiне әсер ететiн объектiлер құрылысының аса маңызды жобалары қарастырылды.

Басқармамен Ақмола облысында 2020 жылға дейiнгi орта мерзiмдi кезеңде облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң бас жоспарларын және құрылыс салу және дамыту схемаларын кезең бойынша әзiрлеу және түзетудiң Жол картасы әзiрлендi.

Ағымдағы жылы, Жол картасына сәйкес 19 елдi мекен бойынша қала құрылысы жобаларын (бас жоспарлар, егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары, құрылыс салу және дамыту схемалары) түзету және әзiрлеу жүргiзiлуде

Мақаланың шыққан күні: 16.01.2018 09:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.09.2018 10:34
Қаралым саны: 1617

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика