AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы саласындағы 2018 жылға ақпарат және 2019 жылға арналған міндеттер

Басқарма қызметiнiң басым бағыты облыстың елдi мекендерiн қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз ету болып табылады (бас жоспарлар, даму және құрылыс салу схемалары, ЕЖЖ), олар елдi мекендердi дамыту және болашақта құрылыс салу үшiн негiзгi құжаттар болып табылады.

Бүгiнгi таңда облыстың 622 елдi мекенiнiң 482 бас жоспармен қамтамасыз етiлген, бұл 77,5% құрайды. Оның iшiнде 2006 жылдан бастап әзiрленген жаңа бас жоспарлар -104. Бұл ретте облыстық маңызы бар қалалар (Көкшетау және Степногорск) және барлық 17 аудан орталықтары (оның iшiнде 8 қала) толық бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген.

Астана қаласының қала маңы аймағының, Щучье-Бурабай курорттық аймағының қарқынды дамып келе жатқан елдi мекендерiн бас жоспарлармен қамтамасыз етуге бiрiншi кезекте назар аударылады.

Осы бағытта басқарма қолда бар бас жоспарлар мен егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын (ЕЖЖ) түзету және әзiрлеу, сондай-ақ оларды келiсу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады.

Астана қаласының қала маңы аймағы бойынша

Астана қаласының қала маңы аймағына кiретiн 80 елдi мекеннiң 65 елдi мекенi бойынша бас жоспарлар бар, оның iшiнде 50-i жаңа.

2018 жылы Жiбек жолы ауылының ЕЖЖ-мен бас жоспары және 8 елдi мекен бойынша: Аршалы ауданының Қостомар, Ижевское, Шөптiкөл, Шортанды ауданының Бозайғыр, Төңкерiс, Бектау, Раевка, Новографское, Целиноград ауданының Ы. Алтынсарин ат. а. № 7 көшесiнiң ЕЖЖ, Қосшы а. Республика к-сi ЕЖЖ елдi мекендерi бойынша дамыту және құрылыс салу схемалары (бас жоспарлардың жеңiлдетiлген нұсқалары) әзiрленiп, қазiргi уақытта келiсiм сатысында..

Сонымен қатар, 2018 жылы Целиноград ауданының Новоишимка, Родина, Отаутүскен, Жылғызқұдық, Тасты, Красноярка, Оразақ, Приречное және Семеновка ауылдарын және Аршалы ауданының Анар станциясын дамыту және салу схемалары бекiтiлдi жәнеде Целиноград ауданының Қараөткел, Қоянды және Талапкер ауылдарының ЕЖЖ-мен бас жоспарларына түзетулер бекiтiлдi.

Ағымдағы жылы қала маңы аймағы бойынша Ақжар, Бұлақсай, Сараба, Сары-оба станцияларын дамыту және салу схемаларын әзiрлеу, Аршалы ауданы Аршалы кентiнiң, Шортанды ауданы Қаражар, Конкрынка, Егемен, Гуляй поле, Мықтыкөл селоларының бас жоспарын түзету, Целиноград ауданы Жайнақ ст. ЕЖЖ-мен бас жоспарды әзiрлеу және Целиноград ауданы Ақмол және Тайтөбе ауылының. ЕЖЖ-мен бас жоспарларды түзету жоспарлануда.

Щучье-Бурабай курорттық аймағы бойынша

2018 жылы Бурабай ауданы бойынша Қызылағаш және Қымызнай ауылдарының даму және құрылыс сызбалары әзiрлендi. Щучинск қ. Светлый шағын ауданы, ЕЖЖ-сi, Текекөл өзенiнiң жанындағы ауданы 233 га болатын ЕЖЖ-сi, жәнеде Бурабай кентiнiң ЕЖЖ түзетiлдi.

Бурабай ауданының барлығы 52 елдi мекендерiнiң 47-сi бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген, оның iшiнде 12-сi жаңа.

Ағымдағы жылы аудан бойынша Щучинск қаласының аумағы 10 га учаскеде ЕЖЖ-сi жәнеде Бурабай ауданының Златополье ауылының дамыту және салу сызбасын әзiрлеу жоспарлануда.

Көкшетау қаласы бойынша

2008 жылы бекiтiлген Көкшетау қаласының бас жоспарына сәйкес 2010 жылдан бастап 102 учаске бойынша егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары әзiрлендi. 2018 жылы Көкшетау қаласы бойынша 14 ЕЖЖ бекiтiлдi.

Сонымен қатар, 2018 жылы облыс бойынша бекiтiлген даму және салу сызбалары келесi елдi мекендер: Бауманское, Егiндiкөл, Ерейментау ауданының Новомарковка, Заречное, Ақсай Есiл, Уәлиханов және Жарқайың ауданынан Достық, Зерендi ауданының Еленовка, Бестөбе ауылының бас жоспарымен ЕЖЖ бiрге және Степногорск қ. Солнечный шағын ауданың ЕЖЖ-сi.

Басқарма өз функцияларына сәйкес Ақмола облысының сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады. 2018 жылы Қалалық кеңестiң 8 отырысы өткiзiлiп, онда Аршалын, Бурабай, Есiл, Жарқайың, Зерендi, Целиноград аудандарының елдi мекендерiнiң қала құрылысы жобалары қаралды.

Ақмола облысының басқармасы 2020 жылға дейiнгi орта мерзiмдi кезеңде облыстың ауылдық елдi мекендерiн дамыту мен салудың бас жоспарлары мен схемаларын кезең-кезеңiмен әзiрлеу және түзету бойынша Жол картасын әзiрледi.

Ағымдағы жылы Жол картасына сәйкес облыстың 23 елдi мекенi бойынша қала құрылысы жобаларын (бас жоспарлар, ЕЖЖ, даму және құрылыс салу схемалары) әзiрлеу және түзету жоспарланған.

Мақаланы құрған күні 07.03.2019 11:00
Мақаланы жаңартқан күні 17.09.2019 12:56
Қаралым саны: 755
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы