Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпарат

Басқарма қызметiнiң басым бағыты облыстың елдi мекендерiн қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз ету болып табылады (бас жоспарлар, даму және құрылыс салу схемалары, ТЖЖ), олар елдi мекендердi дамыту және болашақта құрылыс салу үшiн негiзгi құжаттар болып табылады.

Бүгiнгi таңда облыстың 617 елдi мекенiнiң 483 бас жоспармен қамтамасыз етiлген, бұл 78,3% құрайды. Оның iшiнде 2006 жылдан бастап әзiрленген жаңа бас жоспарлар -105. Бұл ретте облыстық маңызы бар қалалар (Көкшетау және Степногорск) және барлық 17 аудан орталықтары (оның iшiнде 8 Қала) толық бас жоспарлармен қамтамасыз етiлген.

Бiрiншi кезекте Астана қаласының қала маңы аймағының, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының қарқынды дамып келе жатқан елдi мекендерiн бас жоспарлармен қамтамасыз етуге назар аударылады.

Осы бағытта басқарма жаңа бас жоспарлар мен егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын (ЕЖЖ) әзiрлеу, және қолда бар жобаларды түзету сондай-ақ оларды келiсу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады.

Астана қаласының қала маңы аймағы бойынша

Ағымдағы жылы Целиноград ауданы Қосшы ауылы Республика және Ы.Алтынсарин ауылының №7 көшелерiнiң ЕЕЖ бекiтiлдi.

Қазiргi уақытта Аршалы ауданының Жiбек жолы ауылы, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы және Төңкерiс станцияларының қала құрылысы жобаларын түзету және Аршалы ауданының Қостомар, Ижевское, Шөптiкөл, Шортанды ауданының Бектау, Раевка, Новографское елдi мекендерi бойынша дамыту және құрылыс салу схемаларын (бас жоспарлардың оңайлатылған нұсқалары) әзiрлеу бекiтiлу сатысында.

Сондай-ақ, Аршалы, Красный горняк, Кеңес, Талқара, Ақкөл орманшары және Целиноград аудандарының Жайнақ стансаларын дамыту және құрылыс салу схемаларын әзiрлеуге конкурстар өткiзiлдi.

Щучьинск-Бурабай курорттық аймағы бойынша:

2019 жылы Қызылағаш және Қымызнай ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемасы, сондай-ақ Бурабай кентiнiң ЕЖЖ, Щучинск қаласы Светлый ш/а ЕЖЖ және Текекөл көлiнiң айналасындағы 233 га учаскесiндегi ЕЖЖ бекiтiлдi. Златополье ауылының дамыту және құрылыс салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) және Щучинск қ. Школьная көш. ЕЖЖ әзiрлеу жүргiзiлуде.

Көкшетау қаласы бойынша

Ағымдағы жылы Красный яр ауылының бас жоспары әзiрленуде.

Көкшетау қаласының бас жоспарына сәйкес 2010 жылдан бастап барлығы 110 учаске бойынша ЕЖЖ әзiрлендi және бекiтiлдi, оның iшiнде 7 ЕЖЖ 2019 жылы бекiтiлдi.

Бұдан басқа, облыс бойынша 2019 жылдың өткен кезеңiнде: Зерендi ауданының Чаглинка станциясын дамыту және құрылыс салу схемасы, Бұланды ауданының Макинск қаласының үш ЕЖЖ, Сандықтау ауданының Балкашино ауылының ЕЖЖ бекiтiлдi.

Жарқайың ауданының Кенское және Отрадное ауылдарының дамыту және құрылыс салу схемалары, сондай-ақ Зерендi ауданының Зерендi ауылындағы жетi ЕЖЖ бекiту сатысында.

Сондай-ақ қазiргi уақытта Жарқайың ауданы Львовское, Бiржан Сал ауданының Қоғам, Қаратал, Макинка, Қарағай, Бұланды, Ульги, Сәуле елдi мекендерiн дамыту және құрылыс салу схемалары әзiрленуде.

Басқарма өз функцияларына сәйкес Ақмола облысының сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады. 2019 жылы 2 қала құрылысы кеңесiнiң отырысы өткiзiлдi, онда Бурабай және Целиноград аудандары әзiрлеген қала құрылысы жобалары қаралды.

Мақаланы құрған күні 11.07.2019 16:09
Мақаланы жаңартқан күні 11.07.2019 16:09
Қаралым саны: 351
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы