ДССССРБСЖМСНЖК
Мешіт немесе шіркеу құрылысына шешім алу үшін қандай құжаттар қажет?

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

- өтiнiш, жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың көшiрмесi;

-тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысы қол қойған (ғибадат үйiнiң (ғимаратының және ол тиесiлi болатын дiни бiрлестiктiң атауын), құрылыстың мақсаттары, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) рухани қажеттiлiктердi қанағаттандыруға мұқтаж келушiлер саны), ғибадат үйiнiң (ғимаратының) дiни қызметшiсiнiң кандидатурасын көрсете отырып, ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы еркiн нысандағы анықтама-негiздеме;

- ғибадат үйiн (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететiн жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерi жиналысының ғибадат үйiн (ғимаратын) салуға келiсiм беру туралы шешiмiнiң көшiрмесi (ғибадат үйiнiң (ғимаратының) аумағымен шектесетiн (оның iшiнде шекаралар арасында сервитут, автомобиль жолы өтетiн болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады.

Толық ақпаратты мемлекеттiк қызметтер бөлiмiнен басқарма сайтында көре аласыз.

Мақаланың шыққан күні: 18.09.2019 16:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.09.2019 16:32
Қаралым саны: 178

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн