ДССССРБСЖМСНЖК
«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қаулы (PDF 964 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ А-7/321 қаулысымен
бекiтiлген

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi облыс аумақтарында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

2. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87-үй.

9. Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы — «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру облыстың жергiлiктi бюджетiнен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2.Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: облыс аумағын қала құрылысын игеру кезiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерi туралы заңнама нормаларына, мемлекеттiк нормативтерiне және белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес Ақмола облысының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу.

14. Мiндеттерi:

облыс аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргiзу;

аудандық және қалалық сәулет және қала құрылысы органдарының қызметiне мониторинг жүргiзу;

сәулет және қала құрылысы қызметiн жүзеге асыруда қала құрылысы жобаларын және оларды бекiтуге дейiнгi қала құрылысы жобаларын қарауда қоғамды қатыстыра отырып жариялығын қамтамасыз ету;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.

15. Функциялары:

облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын бекiтуге Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну үшiн әзiрлеудi ұйымдастыру;

ведомстволық бағынысты әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын, сондай-ақ халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну үшiн материалдарды даярлау;

халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;

Астана қаласының оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгiндегi бас жоспарларының жобаларына келiсiм беру;

аудандар аумақтарының (аудандық жоспарлаудың жобасын) қала құрылысын, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ облыс елдi мекендерiнiң кенттерi мен селоларының бас жоспарларын, қала аумақтарының, елдi мекендердiң кенттерi мен селоларының бөлшектi жоспарлау жобаларын дамытудың жобаларын қарау және келiсiм беру;

сәулет және қала құрылысы саласында мәселелерiн реттейтiн құрылыс нормалары мен ережелерiн (ҚНжЕ) және мемлекеттiк стандарттарды (МС) жетiлдiру бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсыныстар даярлау;

жергiлiктi атқару органына елдi мекендердiң бас жоспарларын әзiрлеу және түзету бойынша ұсыныстар даярлау;

мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру;

«Мекен-жайлық тiркелiм» ақпараттық жүйесiн жүргiзу және толтыру бойынша мониторингi;

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiне қатысты мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерiн әзiрлеу;

ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiмдер беру;

облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру;

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн ұстауға мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу;

жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

елдi мекендерде бас жоспарларды, қала құрылысы бағдарламалары мен жобаларды әзiрлеу мен ұйымдастыруға қатысу;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделердi қорғау мәселелерi бойынша жобалау ұйымдары, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары республикалық және қала құрылысы сараптамалары жобаларының аумақтық бөлiмшелерiмен өзара әрекет ету;

тұрғындарды аумақ құрылысының жоспарлануы немесе басқа қала құрылысының өзгерiстерi туралы ақпараттандыру;

уәкiлеттi органға сәулет және қала құрылысы iстерi бойынша және жергiлiктi атқарушы органға сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтiк актiлер туралы ұсыныстар енгiзу;

меншiк түрiне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан облыс аумағында сәулет-қала құрылысы қызметiнiң барлық субьектiлерiмен орындау үшiн мiндеттi болып табылатын аумақтардың кешендi құрылысы бойынша iс-шараларды iске асыру мәселелерi бойынша өзiнiң құзыретi аясында шешiмдер қабылдау;

облыста жаңа тұрғын үй саясатын, қала құрылысы бағдарламаларын iске асыру бөлiмдерiнде әлеуметтiк-экономикалық дамытудың жоспарларын әзiрлеу мен келiсiм беруге қатысу;

облыс аумағын дамыту бағдарламасын iске асыру мәселелерi бойынша өзiнiң құзыретi аясында шешiмдер қабылдау;

сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлiгiнде мемлекет мүдделерiн қорғауға жүгiну;

гендерлiк саясат мәселелерiн әзiрлеуге қатысу.

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылған «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мақсаттарына жауап бермейтiн қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

3.Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн басқаруды жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы облыс әкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жағдайларда және шегiнде барлық ұйымдарда «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсынады;

сенiмхаттар бередi;

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң iссапарлары, тағлымдамалары, кызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқыту және бiлiктiлiгiн жоғарылату түрлерi бойынша жоспарлары мен тәртiптерiн бекiтедi;

банкте шоттар ашады;

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң барлық қызметкерлерiне арналған мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн марапаттау мен тәртiптiк жазалау шараларын қолданады;

жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын қолданады және бұл үшiн дербес жауап бередi;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен оған жүктелген басқа да қызметтердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4.Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi

20. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, негiзгi қорлар мен айналма қаражаты, сондай-ақ құны «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң балансында көрсетiлетiн өзге де мүлiк есебiнен қалыптастырылады.

21. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 26.04.2016 12:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.05.2017 12:34
Қаралым саны: 191
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика