ДССССРБСЖМСНЖК
Жалпы ақпарат

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры (МҚК) — бұл қала, ауыл және әкiмшiлiк аумағының дамуын мемлекеттiк басқаратын автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

МҚК-да әкiмшiлiк аумақтар туралы, қала құрылысы қызметiнiң объектiлерi, перспективадағы қала құрылыстың даму шарты, қала құрылысы регламенттерi, инфрақұрылым объектiлерi, инженерлiк желiлер мен коммуникация туралы ақпараттар жиналады, сақталынады және қолданылады.

Қала құрылысы кадастрын жүргiзу Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң салынып жатқан, сондай-ақ салынуға жоспарланған объектiлер мен кешендерге мониторинг жүргiзудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

Заң жобасының негiзгi мақсаты елдi мекендердiң, инженерлiк құрылыстардың және желiлердiң, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жай-күйi туралы ақпараттың жеделдiгiн қамтамасыз етуге бағытталады. Осы бағытта мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының бiрыңғай жүйесiн құру көзделедi. Бұнымен қоса, авторлық қадағалауды жүзеге асыру рәсiмдерiн реттеу және нысандар құрылысына арналған алдын ала жобалау құжаттамасының мерзiмiн белгiлеу көзделедi.

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының негiзгi мақсаты қала құрылыс кеңiстiгiне сәйкес қала құрылыс, сәулет және құрылыс құжаттамасын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйенi құрастыру болып табылады.

Ақмола облысының Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры (бұдан әрi — МҚҚК) 2004 жылдың ортасынан қызмет етедi (облыстық деңгей). Ақмола облысының 1:100 000 масштабтағы электрондық картасын құру бойынша жұмыстар орындалды, облысымыздың электрондық картасында облыстың әкiмшiлiк аудандарының шекаралары, селолық округтер, қалалар, елдi мекендер, су қоймалары, орман массивтерi графикалық көрсетiлдi. Графикалық бөлiктен басқа әрбiр осы қабаттар бойынша ақпарат бөлiгi, яғни деректер базасы бар, атап айтсақ: шаруашылық субъектiлерi бойынша облыстың инженерлiк инфрақұрылымы (сумен қамту, электрмен қамту) бойынша, көлiктiк инфрақұрылымы (автожол желiсi, темiржол магистралдары) бойынша, ғимараттар мен имараттар бойынша, қала құрылысы жобалары бойынша. Басқарманың МҚҚК бөлiмiмен облыстық деңгейдегi МҚҚК АЖ деректер базасын анықтау, жаңарту және жаңа ақпаратты енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

МҚҚК құруды жүзеге асыру шегiнде «Ақмола облысының (облыстық және базалық деңгейде) Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн құру» инвестициялық бағдарлама ТЭН әзiрлендi, ТЭН Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң салалық сараптамасының, Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының экологиялық сараптамасының, Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң экономикалық сараптамасының оң қорытындысын алды.

Ақмола облысының (облыстық және базалық деңгейде) МҚҚК автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйелерiн құру берiлген бағдарламаның iске асыру мақсаты болып табылады.

2010 жылы Целиноград ауданы мен Көкшетау қаласының 1 кезеңдегi базалық деңгейде қала құрылысы кадастрын құру үшiн қаржы бөлiндi.

Көкшетау қаласында МҚҚК құруды жүзеге асыру шегiнде мекен-жайылық деректермен 1:2000 масштабында электрондық картасы әзiрлендi, Көкшетау қаласының қала құрылысы жобалары (бас жобасы) деректерiнiң геоақпараттық базасы құрылды, Көкшетау қаласының кадастрлық орталығының жұмысын ұйымдастыру үшiн негiзгi техникалық құралдар алынды, Көкшетау қаласының 700 гектар аумағында инженерлiк коммуникация бөлiгiне түгендеу жүргiзiлдi.

Целиноград ауданында цифрлық кадастрлық карта, мекен-жайлық жоспарлар, елдi мекендердiң қала құрылысы жобаларының геоақпараттандырылған базалық деректерi құрылды, Целиноград ауданының кадастрлық орталығының жұмысын ұйымдастыру үшiн негiзгi техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды, мамандарды оқыту жүргiзiлдi.

2011 жылы Көкшетау қаласының инженерлiк коммуникациясын түгендеу бойынша 2268,75 гектар аумағында жұмыстарды жалғастыруға қаржылық қаражат бөлiндi.

Түгендеу үдерiсiнде Көкшетау қаласының инженерлiк инфрақұрылымына қосылған барлық ғимараттар мен имараттардың нақты кеңiстiстiк байланым өткiзiлдi. Түгендеудiң қорытынды нәтижелерi инженерлiк коммуникация балансын ұстаушылармен келiсiлдi.

2014 жылдың 21 қаңтарында «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл құжат сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк реттеудi жетiлдiруге бағытталған, сонымен қатар ҚР мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының бiрыңғай жүйесiн құруды қарастырады. Осы жүйе өңiрлерде филиалдармен республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды құруды көздейдi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысы бойынша "Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын

басқару комитетiнiң "Республикалық мемлекеттiк қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (РМК «Мемқалақұрылыс кадастры») құрулды.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242 Заңының 24, 25, 26-баптарына сәйкес облыстар, облыстық маңызы бар қалалар мен аудардардың сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiнiң құзыретiне мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректер базасына енгiзу үшiн белгiленген тәртiпте ақпараттар мен (немесе) мәлiметтердi ұсыну жатады.

 

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2018 09:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.05.2018 09:47
Қаралым саны: 866

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика