ДССССРБСЖМСНЖК
Ақмола облысының шекарасындағы кіреберіс белгісіне ең үздік эскиздік ұсыныс конкурсы туралы хабарландыру

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Ақмола облысының Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарымен шекарасындағы республикалық маңызы бар жолдарының бойында кiре берiс белгiсiне ең үздiк эскиздiк ұсыныс конкурсын хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға сәулетшiлер, суретшiлер, дизайнерлер, жобалау ұйымдары, шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттiктерi мен фирмалар, сабақтас кәсiптегi мамандар, сондай-ақ шығармашылық ЖОО-ның студенттерi мен бейiндi бiлiм беру мекемелерiнiң оқушылары және т.б. шақырылады.

Конкурсқа қатысушы бiр адам (автор), сондай ақ шығармашылық авторлық ұжымдар болуы мүмкiн. Конкурсқа қатысушылар ұсынған жұмыстардың саны шектелмейдi.

Қатысушылар конкурстық материалдарды 2017 жылдың 10 тамызынан 10 қыркүйегiне дейiн конкурс хатшылығына Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87, 209 каб. мекен жайы бойынша, немесе электронды пошта арқылы e-mail: obl_arhitektura@mail.ru, тел.:+7(7162) 25-51-49 ұсына алады.

Конкурс шарттарының ережесiн төменде қараңыз.

Келiсiлдi
Ақмола облысы
әкiмiнiң орынбасары
В.Л. Крылов__________
2017 жыл «7» тамыз

Ақмола облысының шекарасындағы кiреберiс белгiсiне ең үздiк
эскиздiк ұсыныс конкурсы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл Ереже Ақмола облысының шекарасындағы кiреберiс белгiсiне ең үздiк эскиздiк ұсыныс конкурсын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды (бұдан әрi- Конкурс).

1.2. Конкурс Ақмола облысының имидждiкәдемiлiгiн және танылатындығын жоғарылату шегiнде өткiзiледi.

1.3. Конкурсты ұйымдастырушы-Ақмола облысының әкiмдiгi.

1.4. Конкурстың мақсаты-Ақмола облысын оның шекараларында басқа облыстарға көрсету,жаңа сәулеттiк-суретшiлiк және эстетикалық мүмкiндiктердi анықтау.

1.5. Конкурстың мiндеттерi:

- облыстың ресми символдарын бейнелейтiн, Ақмола облысына кiре берiстi көрсететiн сәулет формасының-белгiсiнiң эскиздiк жобасын құру;

- сәулетшiлер мен дизайнерларге, соның iшiнде жаңадан бастап жүргендерге Ақмола облысының сәулеттiк образын қалыптастыруда өз үлестерiн қосуға мүмкiндiк бередi.

1.6. Жобаға қойылатын талаптар:

- эскиздiк жоба мәдени-тарихи мұрасын, сонымен қатар заманауи дамуының үрдiсiн ескеретiн,Ақмола облысының жеке ерекшелiктерiн толық суреттейтiн идеясы болу керек;

-кiре берiстегi белгiсi барлық кiре берiстер үшiн өзiнiң сәулет-көркем бейнесi бойынша бiрыңғай,немесе облысқа әрбiр кiреберiс үшiн жеке болуы мүмкiн.

-кiре берiс белгiлердi Ақмола облысының Қостанай, Солтүстiк-Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары шекараларында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жол белдеуiнде орнату көзделiп отыр.

1.7. Бағалаудың критерилерi:

- тарихи, мәдени, экономикалық ерекшелiктерi мен заманауи жетiстiктерiн ескерiп, Ақмола облысы туралы бейнелi түсiнiгiн көрсететiн идеяларды толық ашу;

-кiре берiс белгiсiнiң бейнелi және эстетикалық бейнелiлiгi, авторлық ойының заманауилығы, сонылығы;

- кiре берiс белгiсi конструкциясының төзiмдiлiгi мен мықтылығы;

- қабылдау жеңiлдiлiгi, ақпараттық толықтығы;

-кiре берiс белгiнiңкомпозициясы айналадағы ландшафтпен үйлесiмдiлiгi;

-кiре берiс белгi материалының образдық ойына және оны орнату орнының ерекшелiгiне сәйкестiк;

-кiре берiс белгiнiтәулiктiң кез-келген уақытында автомобиль жолымен қабылдауды қамтамасыз ету;

- эскиздiк жобаны кәсiпқойлық ұсыну.

1.8. Ұсынылатын конкурстық жұмыстардың өтiнiмдерiн рәсiмдеу берiлген Ереженiң қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

1.9. Конкурстық жұмыстар 2017 жылдың 10 қыркүйегiне дейiн қабылданады.

2. Конкурсты өткiзу тәртiбi

2.1. Конкурсты дайындау және техникалыс сүйемелдеудi Көкшетау қ., Абай к-сi 87 мекенжай бойынша орналасқан Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының конкурс хатшылығы жүзеге асырады.

2.2. 2017 жылғы 10 қыркүйекке дейiнгi кезеңде конкурсқа келiп түскен материалдарды қарастыру үшiн Сараптамалық комиссия құрылады, оның құрамы облыс әкiмiнiң орынбасарымен бекiтiледi.

Сараптамалық комиссия келесi мiндеттердi атқарады:

- конкурстық талаптарға сәйкес конкурсқа келiп түскен материалдарды бағалайды;

- конкурс жеңiмпаздарын анықтайды;

-конкурс жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмiн жүргiзедi.

Қарастыру нәтижесi хаттамамен рәсiмделедi және комиссия төрағасымен бекiтiледi.

2.3. Конкурс бiр деңгейде өткiзiледi.

2.4. Конкурсқа сәулетшiлер, суретшiлер, дизайнерлер, жобалаушы ұйымдар, творчестволық шеберханалар, жарнамалық агенттiктер мен фирмалар, сабақтас кәсiптердiң мамандары, сонымен қатар творчестволық ЖОО студенттерi және т.б. (қатысушылар). Конкурс қатысушысы болып бiр адам да (автор) творчестволық авторлық ұжымдар да қатыса алады.

2.5. Қатысушылардың конкурстық құжаттары 2017 жылғы 10 қыркүйекке дейiн Көкшетау қ., Абай к-сi 87 Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына немесе e-mail: obl_arhitektura@mail.ru, тел.:+7(7162) 25-51-49, 209каб.ұсынылады. Қатысушыға электронды немесе жазбаша түрде растау жолданған болса материалдар қабылданды деп есептеледi.

2.6. Конкурс нәтижесi бойынша конкурс жеңiмпазын марапаттау туралы шешiм қабылданады.

2.7. Сараптама комиссия жұмысыныңашықтық пен объективтiлiктi қамтамасыз ету үшiн,оның отырысында тәуелсiз бақылаушылардың қатысуына жол берiледi. Конкурстық комиссия отырысында бақылаушы ретiнде облыстық мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың, коммерциялық ұйымдардың және саяси партияларының өкiлдерi қатыса алады.

2.8. Конкурстың қорытындысы облыс әкiмдiгiнiң ресми сайтында жарияланатын болады.

2.9. Конкурстық материалдар конкурс қатысушыларына қайтарылмайды.

3.Конкурсқа ұсынылатын материалдардың құрамы.

Қатысушыларға жобалық материалдарды дайындау кезiнде көркемдiк авторлық баяндамасына еркiндiк берiледi.

Конкурстық жұмыс графикалық және сипаттамалық бөлiктерден құралуы тиiс және қағаз және электрондық нұсқада орындалуы мүмкiн.

3.1. Конкурстық жұмыс келесiлердi қамтуы тиiс:

Графикалық бөлiм (А4, А3 форматтарында орындалады);

-Кiре берiс белгiсiне авторлық идеясының суретi;

-Идея мен жобаның көркемдiк шешiмiн көрсететiн эскиздер, сызбалар, суреттер (автордың қалауы бойынша таңдалады);

-Фотомонтаж немесе қоршаған ортада авторлық идеяларды пайдаланудың өзге де бейнесi (визуализация);

Суреттер сапасы 300 dpi төмен емес .jpeg форматында берiледi, электронды түрдегi суреттiң мөлшерi 5 Мб аспауы тиiс. Конкурс хатшылығының сұрауы бойынша конкурстық жұмыстың графикалық материалдарын .cdr, .psd форматтарында беруге мiндеттi.

Мәтiндiк бөлiгi — кiре берiс рәмiзiн сипаттайтын, қабылданған сәулеттiк-көркемдiк шешiмдi ашантын және негiздейтiн түсiндiрме жазба.

Конкурсқа жiберiлген жұмыстарда басқалардың идеяларының дизайнын (толық немесе iшiнара) пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Аталған шартты сақтамаған жағдайда жұмыстар конкурсқа қатысудан шеттетiледi. Қатысушылар ұсынған конкурстық жұмыстар авторлық құқықпен қорғалмауы тиiс және басқа да кез-келген мiндеттемелерден еркiн болуы қажет. Конкурстық жұмыстың дизайны авторлық құқықты, логотипке құқықты, тауар белгiлерi мен фирмалық атауын, немесе басқа да жарнамаға мүлiктiк құқықты қоса алғанда үшiншi тұлғалардың құқықтарын бұзбауы тиiс.

4. Өзге де шарттар

4.1. Қатысушы конкурстық жұмысты осы ережеге сәйкес тапсырса қатысушының конкурс өткiзу шарттарымен толық және сөзсiз келiсiмiн бiлдiредi.

4.2. ұсынылған жұмысқа үшiншi тұлға, соның iшiнде авторлық және сабақтас құқығы бар құқық иесiталаптарды, наразылықтардыжәне арыздарды ұсыну жағдайда, қатысушы оларды өз атынан және өз есебiнен шешуге мiндеттенедi.

4.3. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар және оны пайдалану құқығы конкурсты ұйымдастырушыларға қайтарымсыз берiледi.

4.4. Ұйымдастырушы жариялылық құқығын өзiне қалдырады, оның iшiнде берiлген материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық, жарнамалық-имидждiк (тираждау, материалдарды жалпыға бiрдей жеткiзу және т.б.) мақсатта авторлық сыйақы төлемей пайдалана алады.

Ақмола облысының
шекарасына кiре берiс
белгiсiне эскиздiк
ұсынысты әзiрлеуге
конкурс туралы Ережеге
қосымша

Ақмола облысының шекарасына кiре берiс белгiсiне ең үздiк эскиздiк
ұсыныс Конкурсына қатысуға
ӨТIНIШ
(заңды тұлғалар үшiн)

Өтiнiштi енгiзедi:

Заңды тұлғалар (аты, ұйымдық-құқықтық нысаны)

Пошталық индексiмен бiрге мекен-жайы:

Телефон:

Факс:

E-mail:

Ұйымның басшысы (Т.А.Ә. және лауазымы):

Жобаны орындаушы (Т.А.Ә. және лауазымы):

Конкурстық жұмыс қоса берiледi.

Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын растаймыз.

Ақмола облысының шекарасына кiре берiс белгiсiне ең үздiк эскиздiк ұсыныс конкурсы туралы Ережемен толық көлемде таныстық.

Осы өтiнiштi жiбере отырып, конкурсты ұйымдастырушыға бiздiң конкурстық жұмысты пайдалануға айрықша құқықтар беремiз.

Ұйым басшысының қолы

____________________________________

Жобаны орындаушының қолы

____________________________________

«___»______________2017 жылм.о.


Ақмола облысының шекарасына кiре берiс белгiсiне ең үздiк эскиздiк
ұсыныс Конкурсына қатысуға
ӨТIНIШ
(жеке тұлғалар үшiн)

Өтiнiштi енгiзедi:

ТАӘ:

Жұмыс/оқу орыны, лауазымы/мамандығы:

Пошталық индексiмен бiрге мекен-жайы:

Телефон:

Факс:

E-mail:

Конкурстық жұмыс қоса берiледi.

Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

Ақмола облысының шекарасына кiре берiс белгiсiне ең үздiк эскиздiк ұсыныс конкурсы туралы Ережемен толық көлемде таныстық.

Осы өтiнiштi жiбере отырып, конкурсты ұйымдастырушыға бiздiң конкурстық жұмысты пайдалануға айрықша құқықтар беремiз.

Жобаны орындаушының қолы________________________________________

«___»______________2017 жыл

Мақаланың шыққан күні: 07.08.2017 16:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2017 16:44
Қаралым саны: 205
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика