ДССССРБСЖМСНЖК
2014 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 1 мемлекеттiк қызмет:

«Дiн қызметi саласындағы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру»;

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны — жоқ;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

1 мемлекеттiк қызмет — тегiн;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

1 мемлекеттiк қызмет — қағаз нысанда;

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттер саны:

1 мемлекеттiк қызметтер стандарттары, 2014 жылғы 24 ақпандағы №137 Қазақстан Республикасы Үкiмет қаулысымен бекiтiлген;

1 мемлекеттiк қызметтер регламенттi, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 19 наурыздағы № А-3/91 қаулысымен бекiтiлген, Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2014 жылғы 28 сәуiрдегi № 4133 тiркелдi.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

Дiн қызметi саласындағы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру.

2014 жылы көрсетiлген қызмет саны — 5.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Қызметтердi көрсету тәртiбiн түсiндiретiн стандарттар мен ақпарат уәкiлеттi органның интернет-ресурсында — saulet.akmol.kz.,порталда орналасқан, сондай-ақ «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87 мекенжайында «Мемлекеттiк қызмет» стендiсiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiнде бiрыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсыныла алады.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2014 жылғы 13 наурызда Ақмола облысындағы сәулет-қала құрылысының қызметi мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлдi. Кеңесте мемлекеттiк қызмет көрсету туралы мәселе талқыланды, осы облыста барлық заңды аспектер қаралынды.

2014 жылғы 4 желтоқсанда «Арқа ажары» газетiнде басқармамен көрсетiлетiн қызмет туралы мақала шықты.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметi — автоматтандырылмаған.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2013 жылы Мемлекеттiк қызметкерлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жоғарылату өңiрлiк орталығында: мемлекеттiк қала құрылысы кадастры бөлiмiнiң басшысы Ахметова А.Х. «ҚР мемлекеттiк органдардың қызметiн тиiмдi бағалау» тақырыбында бiлiктiлiгiн арттыру курсын өттi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру жаңа бекiтiлген НҚА бойынша өткiзiледi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiнде қызметтi алушылардан шағым туралы ақпарат (қосымша) — жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзулар жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң келешекте одан әрi тиiмдiлiгiне және сапасына қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Басқармамен қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтердiң сапасына қанағаттануы мақсатында стендте, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, қажет құжаттарды дайындау және күту уақытында көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жағдай жасалды (күту үшiн креслолар, құжаттарды дайындау үшiн орындар, қажет құжаттардың тiзбесi, оларды толтыру үлгiсiмен). Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңнаманың бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету мәселесi басқарманың тұрақты бақылауында.

Мақаланың шыққан күні: 06.04.2016 16:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.04.2016 09:25
Қаралым саны: 238
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика