ДССССРБСЖМСНЖК
2017 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

1.Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 2 мемлекеттiк қызмет:

«Дiн қызметi саласындағы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру», «Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру»;

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны — жоқ;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

2 мемлекеттiк қызмет — тегiн;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

2 мемлекеттiк қызмет — қағаз нысанда;

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттер саны:

мемлекеттiк қызметтер стандарттары, «Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 147 бұйрығымен бекiтiлген;

мемлекеттiк қызметтер регламентi Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 16 маусымдағы № А-6/278 қаулысымен бекiтiлдi, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № А-12/584 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлдi.

3) Барынша талап етiлетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2017 жылы көрсетiлген қызмет саны — 6: дiн қызметi саласындағы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру- 6. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылды — 3.

2.Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Қызметтердi көрсету тәртiбiн түсiндiретiн стандарттар мен ақпарат уәкiлеттi органның интернет-ресурсында — saulet.akmo.gov.kz порталында орналасқан, сондай-ақ Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Мемлекеттiк қызмет» стендiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiнде бiрыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсыныла алады.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2017 жылғы 23 мамырдағы «Арқа ажары» газетiнде басқармамен көрсетiлетiн қызмет туралы мақала жарияланды.

9 қыркүйекте Ақмола облысында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бойынша және 2017 жылғы бiрiншi жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелерi бойынша кеңес өткiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру

жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет — автоматтандырылмаған.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2017 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясында басқарма басшысы В.К. Фелбелт «Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын басқару» тақырыбына семинар өттi.

А.ж. қыркүйек айында Мемлекеттiк қызметкерлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жоғарылату өңiрлiк орталығында басқарма мемлекеттiк қала құрылысы кадастры бөлiмiнiң бас маманы Ж.Қ. Жумагулова «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң жүйесiн жетiлдiру» тақырыбына семинар өттi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру жаңа бекiтiлген НҚА бойынша өткiзiледi.

2017 жылы мемлекеттiк қызмет стандарттарының өзгертiлуiне байланысты басқармамен мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерiнiң жобалары әзiрлендi, ол Ақмола облысы әкiмдiгiмен бекiтiлдi және облыстың Әдiлет департаментiнде тiркелдi.

3.Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызметтi алушылардан мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiнде шағым туралы ақпарат (қосымша) — жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтар жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

4.Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң келешекте одан әрi тиiмдiлiгiне және сапасына қызметтi алушылардың
қанағаттануын арттыру.

Басқармамен қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтердiң сапасына қанағаттануы мақсатында стендте, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, қажет құжаттарды дайындау және күту уақытында көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жағдай жасалды (күту үшiн креслолар, құжаттарды дайындау үшiн орындар, толтыру үлгiсiмен қажет құжаттардың тiзбесi).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңнаманың бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету мәселесi басқарманың тұрақты бақылауында.

Комментарии


Мақаланың шыққан күні: 05.02.2018 15:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2018 10:01
Қаралым саны: 915

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика