Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

2018 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

1.Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 2 мемлекеттiк қызмет:

«Дiн қызметi саласындағы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру», «Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру»;

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны — жоқ;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

2 мемлекеттiк қызмет — тегiн;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

2 мемлекеттiк қызмет — қағаз нысанда;

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттер саны:

мемлекеттiк қызметтер стандарттары, «Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 147 бұйрығымен бекiтiлген;

мемлекеттiк қызметтер регламентi Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 16 маусымдағы № А-6/278 қаулысымен бекiтiлдi, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № А-12/584 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлдi.

3) Барынша талап етiлетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2018 жылы көрсетiлген қызмет саны: дiн қызметi саласындағы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру- 3. Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылды — 1.

2.Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Қызметтердi көрсету тәртiбiн түсiндiретiн стандарттар мен ақпарат уәкiлеттi органның интернет-ресурсында — saulet.akmo.gov.kz порталында орналасқан, сондай-ақ Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Мемлекеттiк қызмет» стендiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiнде бiрыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсыныла алады.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2018 жылғы 24 қаңтарда Көкшетау қ., Абай к-сi, 96 мекенжай бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалы — Халыққа қызмет көрсту» департаментiнiң № 2 Бөлiмiнiң фойесiнде, сағат 15.00-ден бастап 18.00-ге дейiн «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi» өткiзiлдi. 10 адам сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң алу тәртiбi туралы кеңес алды.

2018 жылғы 3 наурызында жер қатынастары саласы қызметiнiң қорытындылары туралы Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаев төрағалығымен кеңес өткiзiлдi. Қарастырылған сұрақтардың бiрi Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы В.К. Фелбелттiң «Ғибадат ғимаратының құрылысына рұқсат беру тәртiбiн түсiндiру» баяндамасы болды.

2018 жылғы 23 мамырда басқармамен сәулет және қала құрылысы саласындағы проблемалық мәселелер бойынша өткен кеңесi өткiзiлдi. Қаралған мәселелердiң бiрi мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат болды.

2018 жылғы 9 маусымда «Акмолинская правда» газетiнде басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат жарияланды.

2018 жылғы 9 қарашада жер қатынастары саласындағы ағымдағы мәселелердi қарастыру және жер заңнамасының нормаларын түсiндiру бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаев төрағалығымен кеңес өткiзiлдi. Қарастырылған сұрақтардың бiрi Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы В.К. Фелбелттiң «Сәулет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi» баяндамасы болды.

2018 жылдың 30 қарашасында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және Басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiне тегiн заң көмегiн көрсету мақсатында "РИО" сауда-ойын-сауық орталығында "Халық заңгерi" акциясына қатысты. Сәулет және қала құрылысы саласында, соның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi бойынша 4 мәселе бойынша 3 азаматқа түсiндiрме берiлдi.

2018 жылғы 13 желтоқсанда «Акмолинская правда» газетiнде басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат жарияланды.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру

жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет — автоматтандырылмаған.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиiстi Заңдарды, қағидаларды, әдiстемелiк ұсынымдарды, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн зерделеу арқылы өз бiлiм дәрежесiн арттырады.

Мiндеттi негiзде Басқарма қызметкерлерi кестеге сәйкес, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығы» МҚКМ бiлiктiлiгiн жетiлдiредi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру жаңа бекiтiлген НҚА бойынша өткiзiледi.

2018 жылы мемлекеттiк қызмет стандарттарының өзгертiлуiне байланысты басқармамен мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерiнiң жобалары әзiрлендi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызметтi алушылардан мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiнде шағым туралы ақпарат (қосымша) — жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтар жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң келешекте одан әрi тиiмдiлiгiне және сапасына қызметтi алушылардың
қанағаттануын арттыру.

Басқармамен қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтердiң сапасына қанағаттануы мақсатында стендте, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, қажет құжаттарды дайындау және күту уақытында көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жағдай жасалды (күту үшiн креслолар, құжаттарды дайындау үшiн орындар, толтыру үлгiсiмен қажет құжаттардың тiзбесi).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңнаманың бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету мәселесi басқарманың тұрақты бақылауында.

Мақаланы құрған күні 26.02.2019 11:21
Мақаланы жаңартқан күні 26.02.2019 11:21
Қаралым саны: 1137
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы