ДССССРБСЖМСНЖК
2016 жылдыңмемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

1.Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 2 мемлекеттiк қызмет:

«Дiн қызметi саласындағы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралышешiм беру», «Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру»;

халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны — жоқ;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

2 мемлекеттiк қызмет — тегiн;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

2 мемлекеттiк қызмет — қағаз нысанда;

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттер саны:

мемлекеттiк қызметтер стандарттары, «Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 147 бұйрығымен бекiтiлген;

мемлекеттiк қызметтер регламентiАқмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 16 маусымдағы № А-6/278 қаулысымен бекiтiлдi, Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 20 шiлдеде № 4882 тiркелдi.

3) Барынша талап етiлетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2016 жылы көрсетiлген қызмет саны — 5:дiн қызметi саласындағы ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындаутуралы шешiм беру- 5. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылды — 1.

2.Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Қызметтердi көрсету тәртiбiн түсiндiретiн стандарттар мен ақпарат уәкiлеттi органның интернет-ресурсында — saulet.akmo.gov.kzпорталындаорналасқан, сондай-ақ Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87 мекенжайы бойыншаорналасқан «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Мемлекеттiк қызмет» стендiндеорналастырылған. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiнде бiрыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсыныла алады.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2016 жылғы 23 ақпандағы «Сатып алу ақпарат» газетiнде басқармамен көрсетiлетiн қызмет туралы мақала жарияланды.

31 наурызында мемлекеттiк қызметтердiң негiзгi жағдай туралы және Ақмола облысындағы сәулет және қала құрылыс саласындағы ағымдағы сұрақтар бойынша семинар-кеңесi өткiзiлдi.

2016 жылғы 28 желтоқсанда аудандық және қалалық сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiнiң басшылары және мамандарының қатысуымен Ақмола облысында сәулет және қала құрылысы саласында ағымдағы 2016 жылғы нәтиже бойынша және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы семинар-кеңесi өткiзiлдi.

3.Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру
жөнiндегi қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiноңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет — автоматтандырылмаған.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2016 жылы Мемлекеттiк қызметкерлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жоғарылату өңiрлiк орталығында: мемлекеттiк қала құрылысы кадастры бөлiмiнiң басшысы А.Х.Ахметова «Мемлекеттiк қызметтердiң сапасымен басқару» тақырыбында бiлiктiлiгiн арттыру курсын өттi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiннормативтiк-құқықтық жетiлдiру жаңа бекiтiлген НҚА бойынша өткiзiледi.

2015 жылы мемлекеттiк қызмет стандарттарының өзгертiлуiне байланысты басқармамен мемлекеттiк қызметтеркөрсету регламенттерiнiң жобалары әзiрлендi, олАқмола облысы әкiмдiгiмен бекiтiлдi және облыстың Әдiлет департаментiнде тiркелдi.

4.Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызметтi алушылардан мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiнде шағым туралы ақпарат(қосымша) — жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтар жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5.Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң келешекте одан әрi тиiмдiлiгiне және сапасына қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Басқармамен қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызметтердiң сапасына қанағаттануы мақсатында стендте, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, қажет құжаттарды дайындау және күту уақытында көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жағдай жасалды (күту үшiн креслолар, құжаттарды дайындау үшiн орындар, толтыру үлгiсiмен қажет құжаттардың тiзбесi).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңнаманың бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету мәселесi басқарманың тұрақты бақылауында.

Комментарии


Мақаланың шыққан күні: 22.02.2017 18:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.02.2017 11:20
Қаралым саны: 193
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика