ДССССРБСЖМСНЖК
Эскизді (эскиздікжобаны) келісуден өткізу мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынама
 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынама  
1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекен-жайы) Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. (Атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекен-жайы 1 қосымшаға сәйкес)
2 Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдар туралы ақпарат Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
3 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат -
4 Мемлекеттік қызметтерді көрсету  мерзімі 1) Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.       Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.       Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.       Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;       2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;       3) жол берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5 Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі   Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;  жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін); эскиз (эскиздік жоба);   сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшірмесі;      .
6 Мемлекеттік қызметтерді көрсету  нәтижесі Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмірі)  Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.       Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.       Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.       Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz. орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Мақаланың шыққан күні: 21.07.2016 16:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.07.2016 11:27
Қаралым саны: 146
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика