AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Эскизді (эскиздікжобаны) келісуден өткізу мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынама

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»
мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынама

1

Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекен-жайы)

Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдар туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-портал (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат

Порталда электрондық өтінішті қабылдау қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар, қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық көшірме түрінде ұсынылады.

4

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі немесе дәлелді бас тарту мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиесті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады..

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық эскизді (эскиздік жобаны) келісу – хат немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

7

Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмірі)

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www. miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Мақаланы құрған күні 21.07.2016 16:17
Мақаланы жаңартқан күні 01.10.2019 11:18
Қаралым саны: 2918
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы