ДССССРБСЖМСНЖК
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынама

 «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын
жерін айқындау туралы шешім беру»
  мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынама

 

1

Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекен-жайы)

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
Жұмыстың басталуы: 9 сағат 00 минут
Түскі үзіліс: 13 сағат 00 минуттан – 14 сағат 30 минутқа дейін
Жұмыстың аяқталуы: 18 сағат 30 минут
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Басқарманың интернет-ресурсы  saulet.akmo.gov.kz

2

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдар туралы ақпарат

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік  қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

3

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат

-

4

Мемлекеттік қызметтерді көрсету  мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут

5

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1)мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;
3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады, ) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету  нәтижесі

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап

7

Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмірі)

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар

Мақаланың шыққан күні: 21.07.2016 15:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.07.2016 15:05
Қаралым саны: 319
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика