ДССССРБСЖМСНЖК
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынама

 «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет алу
тәртібі туралы жадынама

 

1

Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекен-жайы)

Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. (Атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстың мекен-жайы 1 қосымшаға сәйкес)

2

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдар туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат

Порталда электрондық өтінішті қабылдау қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар, қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық көшірме түрінде ұсынылады..

4

Мемлекеттік қызметтерді көрсету  мерзімі

1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі, мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі, мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда 17 (он жеті) жұмыс күнінен аспайды.

      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыт – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақжол берілетін уақыт – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 20 минут.

5

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

 1) көрсетілетін қызметті берушіге:

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

 жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

 тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;

 жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

      топографиялық түсірілім.

      2) мемлекеттік корпорацияға:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

      тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма;

      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы);

      топографиялық түсірілім.

      3) порталға өтініш берген кезде:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

      тапсырыс беруші бекіткен, жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электронды көшірмесі;

      топографиялық түсірілімнің электронды көшірмесі.

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету  нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:

      техникалық шарттарды;

      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;

      егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;

      тік жоспарлау белгілерін;

      жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.

7

Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмірі)

 Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777. арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

      Министрліктің: www.economy.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz жарияланған.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

       Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

       Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Мақаланың шыққан күні: 21.07.2016 12:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.07.2016 12:32
Қаралым саны: 343
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика