Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы қызмет алушыға жадынама
«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы қызмет алушыға жадынама
Қызмет көрсетуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстің мекенжай) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру туралы ұйымдар туралы ақпарат Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат Порталда электрондық өтінішті қабылдау қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар, қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық көшірме түрінде ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:1) Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 10 (он) жұмыс күні.Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі құзыретін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі:1) Мемлекеттік корпорацияға:екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтінішті;құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі;мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған акті ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтінішті;салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады;мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған акті ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі;инжинирингтік компаниямен шарт.Көрсетілген құжаттармен бiрге көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға олардың көшiрмелерiн ұсынады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.2) порталда:екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтінішті;құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған актісінің электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі;тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтінішті;салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады;мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арналған актісінің электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде);кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі;тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебінің электрондық көшірмесі;инжинирингтік компаниямен шарттың электрондық көшірмесі
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру не мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы нөмері, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмері) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:1) Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;3) порталда орналасқан.Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілен қызметті электрондық түрде портал арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Мақаланы құрған күні 11.01.2018 09:13
Мақаланы жаңартқан күні 01.10.2019 11:26
Қаралым саны: 2477
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы