ДССССРБСЖМСНЖК
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы жадынама

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен
жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы
ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға)
шешім беру» мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы қызмет алушыға жадынама

1

Қызмет көрсетуші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, интернет-ресурстің мекенжай)

Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Өтініштерді қабылдауын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру туралы ұйымдар туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

3

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы ақпарат

-

4

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді бас тарту береді.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады.

2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 20 минут.

5

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініші бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) қызмет берушіге:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);

сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайды реконструкциялау мүмкіндігі туралы техникалық зертеу қорытындысының көшірмесі;

болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.

2) мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде:

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы нөмері, басқа да анықтама қызметі телефондарының нөмері)

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

Министрліктің: www.mid.gov.kz;

Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Мақаланың шыққан күні: 21.07.2016 12:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2018 09:27
Қаралым саны: 677
Справка о остутствии\наличии недвижимого имущества
http://egov.kz
Электронное лицензирование
egov.kz
egov.kz
egov.kz
egov.kz
Регистрация  брака
Оплата налогов
Запрет на выезд
  
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика