ДССССРБСЖМСНЖК
Cыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңiрлiк бағдарламаны iске асыру бойынша Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2015-2017 жылдарға арналған шаралар жоспары

Бекiтемiн
Ақмола облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасының басшысы
В. Фелбелт
2015 жылғы «18» тамыз

Cыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңiрлiк бағдарламаны iске асыру бойынша Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2015-2017 жылдарға арналған шаралар жоспары

Іс-шаралар Орындауға жауаптылар Орындалу мерзімі
1 «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Басшылық, ӘҚб басшысы тұрақты
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды оқу бойынша аппараттық оқуды жүргізу. Басшылық, ӘҚб басшысы, заңгер тоқсанына бір рет
3 «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?», «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және заң бұзушылық деңгейін түсіру және алдын алу жолдары» тақырыптарына «Дөңгелек үстел» өткізу.  Басшылық, ӘҚб басшысы, заңгер жылына бір рет
4 Бұқаралық ақпараттық құралдарда «сенім телефонын» және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен байланысты фактілерін анықтау бойынша шара қолдануды жариялау. ӘҚб бас маманы заңгер жылына бір рет
5 Мемлекеттік қызметке түскендердің құжаттары ҰҚКД арнайы тексерістен өту үшін мерзімінде рәсімдеу. Персоналды басқару қызметінің бас маманы тұрақты
6 Салық комитетіне басқарма мемлекеттік қызметшілерімен табыс және мүлік туралы декларация тапсыруда бақылауды жүзеге асыру. Персоналды басқару қызметінің бас маманы жылына бір рет
7 Түскен телефон қоңырауларын есепке алатын кітап жүргізу (сенім телефоны). Басқарма мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік этика нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды бұзуға байланысты түскен ақпараттар бойынша шаралар қолдану. Персоналды басқару қызметінің бас маманы тұрақты
8 Сыбайлас жемқорлық құқығын бұзуға әсер еткен себептер мен шарттарды жою бойынша құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың ұсыныстарын мерзімінде қарау. Басшылық, ӘҚб басшысы, заңгер тұрақты
Мақаланың шыққан күні: 22.02.2016 09:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.02.2016 09:33
Қаралым саны: 353
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика