AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту ережесі, «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары

Жүктеу (DOC 45 Kb)

"Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 наурыздағы № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20244 болып тіркелді

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 4 ақпанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы                                                                                                       К. Ускенбаев


Қазақстан Республикасының"КЕЛІСІЛГЕН"

Ұлттық экономика министрлігі

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

2020 жылғы 31 наурызы
№ 174 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 750 бұйрығымен
бекітілген


1-тарау. Жалпы ережелер

1-параграф. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары

1. Осы Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жер учаскелерін пайдалану, елді мекендер мен қала маңындағы аймақтар аумағын жобалау мен салу жөніндегі шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа объектілер салуға және орналастыруға, қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгертуге (қайта бейімдеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, реконструкциялау, кеңейту), үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға беруге бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын алу тәртібін белгілейді, сондай-ақ елді мекендер мен қала маңындағы аймақтар аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырумен байланысты өзге де қатынастарды реттейді, "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік қызметттерді көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлердің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау органдарының, инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса алғанда, құрылыс салу және/немесе реконструкциялау объектілеріне меншік нысанына қарамастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектілері меншік иелерінің оларды пайдалану және ұстау бөлігінде, оның ішінде қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу кезінде қолдануы үшін міндетті.

3. Жеке және заңды тұлғалар елді мекеннің аумағында құрылыс салуды осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

Құрылыс салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен айқындалады.

4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бастапқы материалдар – қазіргі ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге қажетті материалдар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы – белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы;

3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы;

4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

5) қайта жабдықтау – үй-жайдың (үй-жайлардың) тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті өзінің функционалдық мақсатының өзгеруіне, технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты өзгертілуі;

6) қайта жоспарлау – осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;

7) құрылыс – жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;

8) құрылыс алаңы – салынатын объектіні, уақытша құрылғылар мен құрылыстарды, техникаларды, топырақ үйінділерін орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен жабдықтарын жинап қою, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын аумақ;

10) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы – құрылыс объектілерінің қауіпсіздігіне, сапасына, беріктілігі мен орнықтылығына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

11) мердігер – тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс саласында тапсырыс берушімен немесе инжинирингтік ұйыммен жасалған мердігерлік шарт немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс саласында мердігерлік жұмысты орындайтын заңды және жеке тұлға;

12) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) – ғимараттар, сондай-ақ көлемдік, жазықтық және желілік құрылыстар:

тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;

инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;

автомобиль мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымдары;

әуе және су көлігі;

көпірлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнім құбырлары және инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері;

телекоммуникациялық және ғарыштық байланыс;

атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;

кен өндіру өнеркәсібіне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсіп;

ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;

қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндірістік және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;

әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегі құрылыстар.

Қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізу межеленіп отырған үй-жайлары (жекелеген бөліктері) да объектілерге жатқызылады;

13) өтініш беруші – жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын немесе жекелеген бөліктеріне реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізуге ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);

14) реконструкциялау – әдетте өзгеретін объектіні жаңарту мен жаңғырту қажеттігіне байланысты жалпы жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе ғимаратты өзгерту;

15) рұқсат беру құжаттары – өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды:

жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларына (жекелеген бөліктеріне) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізуге арналған тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі;

16) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы – жобаланатын және қолданыстағы инженерлік желілерде орналасқан, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарға сәйкес әзірленген схема;

17) тапсырыс беруші (құрылыс салушы) – жеке меншік немесе мемлекеттік мұқтаждар үшін не коммерциялық мақсаттарда кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар салу жөніндегі жобаны іске асыруды жүзеге асыратын инвестор (не өзі инвестор болып табылатын) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;

18) техникалық жоба – қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау мақсатында әзірленетін жобалау алдындағы құжаттама түрі;

19) топографиялық түсірілім – жергілікті жердің масштабпен, жергілікті координаттар жүйесінде, Балтық биіктік жүйесінде орындалған және қолданыстағы жер үстіндегі және жер астындағы желілер мен құрылыстарды көрсететін электрондық не графикалық моделі;

20) эскиз (эскиздік жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструктивтік, инженерлiк, декоративтік немесе басқа) шешiмнiң, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн оңайлатылған түрi;

21) тұрғын емес үй-жай – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйдегі құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, жоба сатысында көзделген, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шекаралары қабырғалардың, еденнің және төбенің (қабатаралық жабындылардың) ішкі беттері болып табылатын, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарда (кеңсе, дүкен, кафе, қонақүй, хостел және халыққа қызмет көрсету саласының басқа да объектілері) пайдаланылатын және дара (бөлек) меншіктегі жеке ішкі кеңістік.

2-тарау. Қала құрылысы талаптары

5. Елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға жол берілмейді. Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Бұзушылық анықталған жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны туралы хабарлама жолдайды және бұл жөнінде өтініш берушіні хабардар етеді.

6. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оларға қала құрылысының бекiтiлген жобалары негiзiнде жүзеге асырылады.

Елді мекеннің бекітілген бас жоспары елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

7. Жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу, қала құрылысы аймақтарына бөлу жобаларының, сондай-ақ осы Қағидалардың негізінде белгіленеді.

8. Жеке және заңды тұлғалардың елді мекеннің аумағында жер учаскелерiн құрылыс салу үшін (коммуникациялар жүргізуді, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негізінде және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс салу мен оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

9. Құрылыс салу үшін жер учаскесін беру сәулет-жобалау тапсырмасымен, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарымен және топографиялық түсіріліммен бірге жүзеге асырылады.

Жер учаскесіне құқық белгілейтін және (немесе) сәйкестендіру құжаттарында көрсетілген нысаналы мақсатқа қатаң сәйкестікпен жер учаскелерінде құрылыс салуға және оларды пайдалануға жол беріледі.

10. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстық маңызы бар қалалардың аумағында құрылыс салудың жай-күйі туралы өзекті ақпарат қалыптастыру мақсатында жаңартылуы және өзгертілуі тұрақты негізде жүзеге асырылатын кезекші топографиялық жоспар (коммуникациялар, топографиялық түсірілімдер, үйлер мен ғимараттар) жүргізеді.

11. Кезекші топографиялық жоспардың ақпараты және (немесе) мәліметтері жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылады, не интернет-портал арқылы кезекші топографиялық жоспарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

12. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес бау-бақша және саяжай серіктестіктерінің аумақтары резервтік аумақтардың шегінен тыс елді мекендердің және көршілес кәсіпорындардың санитариялық қорғану аймақтарының перспективалық дамуын ескере отырып, қоғамдық көлікпен жететін қашықтықта, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына сәйкес орналастырылады.

13. Қала маңы аймағына кіретін елді мекендердің қала құрылысы жобалары қаланың ЖАО-ымен келісіледі.

Қала маңындағы аймақтар қала жерінің шекарасымен (шегімен) іргелес, аталған қаланың, қала маңының аумағына кіретін басқа да елді мекендердің аумағын дамытуға, сондай-ақ санитариялық-қорғау функцияларын орындауға, халықтың демалыс орындарын, бау-бақша және саяжай серіктестіктерін орналастыруға арналған жерлерді қамтиды.

14. Қала маңындағы аймақтардың шекарасын белгiлеу бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде жүзеге асырылады.

15. Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, қайта игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды және елді мекендерді абаттандыру кезінде тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының қол жетікізуі қамтамасыз етіледі.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың аумағында орналасатын автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының жеке автокөлік құралдары үшін орындар көзделеді.

16. Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда (аудандарда) жобалау және құрылыс салу көрсетілген мәселелерді реттейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

17. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалаған кезде жерасты кеңістігі құрылыстық, экологиялық, санитариялық және өртке қарсы талаптарға сәйкес құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын есепке ала отырып, автопаркингтер, гараждар мен инженерлік жабдықтау құрылыстарын орналастыру үшін пайдаланылады.

18. Объектілерді пайдаланған кезде мыналарға:

ғимаратты немесе құрылысты күрделі жөндеу мен реконструкциялау жөніндегі іс-шара сәйкестендірілген құрылыс материалдарын қолдана отырып, қасбетті бірыңғай стильде кешендік безендіруді көздейтін жағдайларды қоспағанда, ғимараттың, құрылыс сәулет стилін бұзуға;

көп пәтерлі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбет бөлігінде спутниктік немесе эфирлік сигналын қабылдау үшін Қазақстан Республикасы аумағында телерадиоканалдарды таратуға лицензиясы жоқ, байланыс және (немесе) телерадиохабарларын тарату операторларының спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

19. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, оның ішінде ұлттық спутниктік телеарналардың немесе сандық эфирлік телерадиохабарлар таратудың кабель желілерін, ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін жобалау және салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

20. Уақытша қондырғылар мен құрылыстарды (сауда палаткаларын (павильондарды), киоскiлердi сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыру Жер кодексінің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

21. Үйлер мен ғимараттарды бөлшектеу және бұзу (кәдеге жаратудан кейін) әзірленген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Жоба алды рәсімдері және жобалау

1-параграф. Жалпы ережелер

22. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);

2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу

3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;

4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.

23. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жобаларды іске асыру келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

1) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу (қажет болған жағдайда);

2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін жобаларды жобалау және сараптау;

3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

4) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) (бір функционалдық мақсат шеңберінде) лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жоба негізінде жүзеге асырылады. ЖАО-ның шешімін алу, жобалау және сараптамадан өту талап етілмейді.

24. Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) объектілерді салу бойынша өз қызметін (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

25. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

2) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттар (бұдан әрі – техникалық шарттар);

3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

4) тік жоспарлау белгілері;

5) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;

6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары.

26. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі;

2) СЖТ;

3) техникалық шарттар (өтініш берушімен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағын беру кезінде (бұдан әрі – сауалнама парағы));

4) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш берушінің сауалнама парағын беру кезінде).

27. Түркістан облысының Түркістан қаласын, "Сарыарқа" газ құбырын магистральдық және тарату желілерін қоспағанда, жобаланып жатқан инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.

28. СЖТ мен техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімі ішінде қолданылады.

Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі объектіні пайдалануға енгізгенге дейін қолданылады.

29. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

30. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тапсырыс беруші берген жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес СЖТ-ның негізгі талаптары мен ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

31. Тіреу конструкцияларын қозғамайтын жағдайларды қоспағанда, реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау) жобалары бойынша міндетті сараптамаға жататын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.

Көрсетілген жағдайларда жобаны іске асыру жөніндегі

құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің алдында тапсырыс беруші аттестатталған сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы үй-жай, ғимарат немесе құрылыс конструкцияларының физикалық жай-күйіне, сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық зерттеп тексеру жүргізеді.

32. Жол құрылысының жобалары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

33. Әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы Заңның 9-1-тарауына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

2-параграф. Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну және "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

34. "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

35. 1-ші мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну туралы мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды:

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама), СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама) алу үшін:

1) жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған жағдайда).

тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) алу үшін:

1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмелері немесеегер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыс хаттамасы (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді);

2) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);

3) сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);

5) техникалық жобаның электрондық көшірмесі (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған);

6) егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайларымен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімнің электрондық көшірмелері қосымша қоса беріледі (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді).

Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді.

Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

36. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 1-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

37. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және 1-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

38. Өтінішті және қоса берілген құжаттарды тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей- тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.

39. Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттардықатар дайындайды:

1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесін, тік жоспарлау белгілерін, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын;

3-топтама бойынша – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімін.

Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күні;

техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;

сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.

Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:

1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;

2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.

Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.

40. 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша құжаттарды қарау нәтижесінде осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды:

1-топтама бойынша – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

2-топтама бойынша – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және техникалық шарттар;

3-топтама бойынша – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар (өтініш беруші сауалнама парағын беру кезінде), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);

дәлелді бас тарту.

1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен өтініш берушінің "жеке кабинетіне" ЭЦК-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

41. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша 1-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) өтініш берушінің және (немесе) 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемасына сәйкес келмеуі;

4) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған және (немесе) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартуы;

5) Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулерді) бұзуы;

6) лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жобаның осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі, қолда бар ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларының (жекелеген бөліктерін) тағайындалуына қойылатын талаптар кешенін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын көздемеуі.

Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.

Өтініш беруші 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.

42. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалау бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

СЖТ және техникалық шарттарды ұсынуға – 6 (алты) жұмыс күні;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға – 15 (он бес) жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалау бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

СЖТ және техникалық шарттарды ұсынуға – 15 (он бес) жұмыс күні;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға – 17 (он жеті) жұмыс күні.

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолда бар ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

1-ші мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.

43. Бір құрылыс жобасына қайта өтініш берілген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген бұрын ұсынылған құжаттар беріледі.

44. Уәкілетті орган 1-ші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 1-ші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

45. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі – уәкілетті орган) не уәкілетті органның басшысының блогында "Уәкілетті орган басшысының блогы" беті) беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға қосымша хатта беріледі).

Порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгінуі туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол шығарылады.

46. Өтініш беруші 1-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берішінің шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

3-параграф. Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

47. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

48. Бастапқы материалдарды алғаннан және эскизді (эскиздік жобаны) әзірлегеннен кейін өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асырады.

Эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне ауытқуларына сәйкес болуы қажет.

49. 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

50. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

51. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

52. Өтінішті және қоса берілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды қарап, өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарайды.

53. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қарау қорытындысы бойынша осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші келісім-хатты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.

2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен өтініш берушінің "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

54. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша 2-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) эскиздің (эскиздік жобаның) осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;

4) эскиздің (эскиздік жобаның) тағайындалынуға қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келмеуі;

5) эскиздің (эскиздік жобаның) негізгі параметрлерге сәйкес келмеуі;

6) эскиздің (эскиздік жобаның) объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына сәйкес келмеуі;

7) эскиздің (эскиздік жобаның) көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге сәйкес келмеуі.

Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.

Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.

55. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші оны есепке алады.

56. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету немесе дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі –10 (он) жұмыс күні.

57. Көрсетілетін қызметті беруші 2-ші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

58. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі – уәкілетті орган) не уәкілетті органның басшысының блогында "Уәкілетті орган басшысының блогы" беті) беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға қосымша хатта беріледі).

Порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгінуі туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол шығарылады.

59. Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

4-параграф. Елді мекеннің аумағындағы инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалау ерекшеліктері

60. Объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың ішкі желілерін жобалауды, ұзақтығына қарамастан, елді мекеннің инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлердің техникалық шарттарына және ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі берген СЖТ-ға сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

61. Инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары барлық сатыларда және барлық түрлерінде толыққанды және жергілікті координаттар жүйесінде, Балтық биіктік жүйесінде түзетілген топографиялық түсірілімде (қолданылу мерзімі 1 жылдан аспайды) орындалады.

62. Жобалау құжаттамасын әзірлеу, магистральдық коммуникацияларды, инженерлік инфрақұрылымның бас құрылыстарын салу, пайдалану және кейін кәдеге жарату кезінде, сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде шекаралас аумақтардың мүдделерін ескеретін және аумақ пен онда тұратын халыққа қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестердің әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын шешімдер қабылдануы тиіс.

63. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушiлер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушiлермен келісуге жатпайды.

64. Сараптама ұйымдарының жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын бергеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жобалау құжаттаманы (сметалық бөліксіз) ұсынуы арқылы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына енгізіледі.

4-тарау. Жеке тұрғын үй құрылысы

65. Жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі - ЖТҚ) үшін жер учаскесін беру нормалары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабына сәйкес белгіленеді.

66. ЖТҚ үшін бөлінген алаңдар, елді мекеннің бекітілген бас жоспарына, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және елді мекеннің құрылыс салу жобасына сәйкес орналастырылады.

67. ЖТҚ аумақтарын жоспарлау және құрылысын салу Заңға сәйкес жүргізіледі.

Жеке тұрғын үй құрылысының аудандары мен орамдарын жобалау және салу қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарын орналастыра, қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, кешенді түрде жүзеге асырылады.

68. Жеке тұрғын үйлерді жобалау және салу қала құрылысы құжаттамасына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

69. Жеке тұрғын үй құрылысы арнайы жобалық шешімдерді және оларды іске асыру кезінде іс-шараларды талап ететін сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда орналасқан екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады.

Сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда орналасқан екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысы міндетті сараптамаға жататын жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

70. Белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскесінде орналасқан, тұрғын үйдің және басқа да құрылыстардың көлемін олардың сыртқы габариттері (оның ішінде биіктігі) осы құрылыстар, сондай-ақ шектес жер учаскелеріндегі құрылыстар арасында белгіленген міндетті нормативтік, санитариялық, өртке қарсы және техникалық айырмашылықтарды қамтамасыз еткен жағдайда жеке құрылыс салушы дербес белгілейді.

5-тарау. Құрылыс

71. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз құрылыс салуға жол берілмейді.

72. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудің басталғаны жөнінде хабардар етеді.

73. Объектілердің құрылысы, Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда:

авторлық және техникалық қадағалаулардың міндетті сүйемелденуімен;

белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

74. Құрылыс алаңында дайындық жұмыстарын жүзеге асырған кезде құрылыс объектісінің паспорты бар маңдайша жазу орнатылады, онда тапсырыс берушілер, мердігерлер, жоба авторлары, авторлық қадағалау мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат, жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы (оның ішінде құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы) мәліметтер көрсетіледі. Осы талап ЖТҚ құрылысын салу жағдайларына қолданылмайды.

6-тарау. Құрылыс объектiлерiн пайдалануға қабылдау

75. Салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен және Заңмен реттеледі.

76. Салынған объектi бекiтiлген жобаға сәйкес толық әзiр болған жағдайда және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды болған және орындалған жұмыстар бекітілген жобаға сәйкес келген жағдайда тапсырыс беруші оны пайдалануға қабылдауды жүргiзедi.

77. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде меншік иесі салынған объектіні пайдалануға беру актісінің бұрын берілген техникалық жобаға сәйкестігін жобалаушымен дербес келісім жүргізеді.

78. Қолданыстағы заңнамаға және бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), сондай-ақ тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, сондай-ақ, егер шартта немесе қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі өзге де жұмыстар орындалып салынған объектілердің (кешендердің) жай-күйі толық әзірлік деп түсініледі.

Бұл ретте ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған объектілердің жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық әзірлігі деп түсініледі.

Егер бекітілген жобада осылар көзделген жағдайларда, кейін сатып алушылардың мүмкіндіктері мен тілектері ескеріле отырып орындалатын ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру, таза едендер салу, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды және электрлі ас үй плиталарын, пәтерішілік есік блоктарын орнату жұмыстарынсыз қоғамдық ғимараттар толық әзір объектілерге жатқызылады.

Бұл ретте объект (кешен) бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын үй-жайлардағы (ғимарат бөліктеріндегі) ішкі әрлеу және монтаждау жұмыстары осы талаптарға сәйкес толық көлемде орындалады.

79. Объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітпей объектіні пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

80. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.

81. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі Заңның 75-1-бабымен регламенттеледі.

Бұл ретте, меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлерге қатысты:

1) мемлекеттік корпорация өтініш берушіден меншiк иесiнің объектіні пайдалануға дербес қабылдаудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде объекті орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне объектіні пайдалануға дербес қабылдаудың бекітілген актісін жолдайды;

2) тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бір жұмыс күн ішінде меншiк иесiнің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.

Бұзушылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

3) бұзушылықтар болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

7-тарау. Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік

82. Осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Мақаланы құрған күні 16.04.2020 16:20
Мақаланы жаңартқан күні 16.04.2020 16:28
Қаралым саны: 346
© 2020. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы