ДССССРБСЖМСНЖК
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Жүктеу (DOCX 47 Kb)

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну» және «Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 12 мамырда № 11018 тiркелдi.

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрiнiң

мiндетiн атқарушыМ. Құсайынов

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрi

____________ Ә. Исекешев

2015 жылғы 16 сәуiр

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика Министрiнiң

мiндетiн атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 257 бұйрығына

2-қосымша

"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына

бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорация" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорациясы);

3) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлердi жобалауға арналған өтiнiштi қарау мерзiмi:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге — 6 (алты) жұмыс күнi;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi жобалауға арналған өтiнiштi қарау мерзiмi:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге — 15 (он бес) жұмыс күнi;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу — 17 (он жетi) жұмыс күнi.

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiштi қарау мерзiмi — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Дәлелдi бас тарту — 5 (бес) жұмыс күнi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi бұдан әрi қараудан дәлелдi бас тарту бередi.

Құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын ұсынылады;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыт — 15 минут, Мемлекеттiк корпорацияға — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақжол берiлетiн уақыт — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияға — 20 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

техникалық шарттарды;

сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемаларын;

егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесiн;

тiк жоспарлау белгiлерiн;

жолдар мен көшелердiң көлденең қималары;

реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешiмi;

осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап.

7. Мемлекеттiк қызметтi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi кабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүргiзiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүргiзiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — сенбiнi қоса алғанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау "электрондық" кезек күту тәртiбiмен, жеделдетiп қызмет көрсетусiз, жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады;

3) портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерi келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi):

құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) өтiнiшi бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырманың көшiрмесi;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырманың көшiрмесi;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

топографиялық түсiрiлiм;

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырманың көшiрмесi;

өтiнiш берушi, өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органдарға құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсына отырып, өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесi, немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне жазбаша келiсiмi;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмi;

өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш иесiнiң меншiк иесiнiң техникалық паспортының көшiрмесi (тұпнұсқа салыстыру үшiн ұсынылады);

техникалық жоба;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы мен топографиялық түсiрiлiм (қосымша инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмесi (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшiн ұсынады) ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда;

2) Мемлекеттiк корпорацияға:

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырма;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда) немесе жергiлiктi атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырма;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

топографиялық түсiрiлiм;

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырма;

өтiнiш берушi, өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органдарға құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсына отырып, өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжат, немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне жазбаша келiсiмi;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмi;

өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш иесiнiң меншiк иесiнiң техникалық паспорты (тұпнұсқа салыстыру үшiн ұсынылады);

техникалық жоба;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы мен топографиялық түсiрiлiм (қосымша инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшiн ұсынады);

3) порталға:

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың электрондық көшiрмесi;

жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi;

топографиялық түсiрiлiмнiң электрондық көшiрмесi берiледi;

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырма;

өтiнiш берушi, өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органдарға құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсына отырып, өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшiрмесi, немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне жазбаша келiсiмiнiң электрондық көшiрмесi;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмiнiң электрондық көшiрмесi;

өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш иесiнiң меншiк иесiнiң техникалық паспортының электрондық көшiрмесi (тұпнұсқа салыстыру үшiн ұсынылады);

техникалық жобаның электрондық көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы мен топографиялық түсiрiлiмнiң электрондық көшiрмесi (қосымша инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың электрондық көшiрмесi (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшiн ұсынады) ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы құжаттар туралы мәлiметтердi, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиестi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсе қызметкерi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн тұпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Өтiнiштiң қабылдануын растау:

құжаттар топтамасының көшiрмесiне оның қабылданған уақыты мен күнiн көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы көрсетiлетiн қызмет берушiдегi белгi;

Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармағымен көзделген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкiлеттi өкiлi:

құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн нәтиже одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiбередi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12684 болып тiркелген) Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларының 33 және 53-тармақтарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тартуға негiз болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажеттiлерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсету

ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызмет алушының тыныс-тiршiлiгiн әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

Министрлiктiң: www.mid.gov.kz;

Мемлекеттiк корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www. mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

"Құрылыс салу және

реконструкциялау

(қайта жоспарлау, қайта

жабдықтау) жобаларына

бастапқы материалдарды

ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына

1-қосымша

нысан

Қазақстан Республикасы

_____________________________________________________________________

(республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың,

аудандардың сәулет және қала құрылысы органының атауы)

____________________________________________________________________

(орналасқан жерi, электрондық мекенжайы, тел.)

Бекiтемiн:

(қаланың, ауданның) бас сәулетшiсi

______________________________

Тегi, аты, әкесiнiң аты (оның болған жағдайында) (бұдан әрi — ТАӘ)

Жобалауға арналған

сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ)

№_______ 20____ жылғы "____"_____________

Объектiнiң атауы:_________________________________________________________

________________________________________________________________________

Тапсырыс берушi (құрылыс салушы, инвестор):_______________________________

Қала (елдi мекен), жыл

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзiрлеу үшiн негiздемеҚала (аудан) әкiмдiгiнiң қаулысы немесе құқық белгiлейтiн құжат №_______ _________ (күнi, айы, жылы)

1. Учаскенiң сипаттамасы

1. Учаскенiң орналасқан жерiҚала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам

2. Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен имараттар, оның iшiнде коммуникациялар, инженерлiк құрылғылар, абаттандыру элементтерi және басқалары)Қысқаша сипаттамасы

3. Геодезиялық зерделенуi (түсiрiлiмдердiң болуы, олардың масштабтары)Қысқаша сипаттамасы

4. Инженерлiк-геологиялық зерделенуi (инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа iздестiрулердiң қолда бар материалдары)Қысқаша сипаттамасы

2. Жобаланатын объектiнiң сипаттамасы

1. Объектiнiң функционалдық мәнiҚысқаша сипаттамасы

2. ҚабаттылығыҚысқаша сипаттамасы

3. Жоспарлау жүйесiОбъектiнiң функционалдық мәнiн ескере отырып, жоба бойынша

4. Конструктивтi схемаЖоба бойынша

5. Инженерлiк қамтамасыз етуҚысқаша сипаттамасы

6. Энергия тиiмдiлiк сыныбыҚысқаша сипаттамалары бар нормативтiк

3. Қала құрылысы талаптары

1. Көлемдiк-кеңiстiктiк шешiмУчаске бойынша iргелес объектiлермен байланыстыру

2. Бас жоспар жобасыЖанасатын көшелердiң тiк жоспарлау белгiлерiнiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына, ҚР құрылыстық нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес

2-1 тiк жоспарлауIргелес аумақтардың жоғары белгiлерiмен байланыстыру

2-2 абаттандыру және көгалдандыруҚысқаша сипаттамасы бар нормативтiк

2-3 автомобильдер тұрағыҚысқаша сипаттамасы бар нормативтiк

2-4 топырақтың құнарлы қабатын пайдалануҚысқаша сипаттамасы

2-5 шағын сәулет нысандарыҚысқаша сипаттамасы

2-6 жарықтандыруҚысқаша сипаттамасы

4. Сәулет талаптары

1. Сәулеттiк келбетiнiң стилистикасыОбъектiнiң функционалдық ерекшелiктерiне сәйкес сәулеттiк келбетiн қалыптастыру

2. Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесiмдiк сипатыОбъектiнiң орналасқан жерiне және қала құрылысы мәнiне сәйкес

3. Түсiне қатысты шешiмКелiсiлген эскиздiк жобаға сәйкес

4. Жарнамалық-ақпараттық шешiм, оның iшiнде:"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу

4-1 түнгi жарықпен безендiруҚысқаша сипаттамасы

5. Кiреберiс тораптарКiреберiс тораптарға назар аударуды ұсыну

6. Халықтың мүмкiндiгi шектеулi топтарының өмiр сүруi үшiн жағдай жасауIс-шараларды ҚР құрылыстық нормативтiк құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес көздеу; мүгедектердiң ғимаратқа қолжетiмдiлiгiн көздеу, пандустар, арнайы кiрме жолдар мен мүгедектер арбаларының өту жолдарын көздеу

7. Дыбыс-шу көрсеткiштерi бойынша шарттарды сақтауҚР құрылыстық нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес

5. Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар

1. ЦокольҚысқаша сипаттамасы

2. Қасбет

Қоршау конструкцияларыҚысқаша сипаттамасы

6. Инженерлiк желiлерге қойылатын талаптар

1. Жылумен жабдықтауТехникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берiлген күнi)

2. Сумен жабдықтауТехникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берiлген күнi)

3. КәрiзТехникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берiлген күнi)

4. Электрмен жабдықтауТехникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берiлген күнi)

5. Газбен жабдықтауТехникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берiлген күнi)

6. Телекоммуникациялар және телерадиохабарТехникалық шарттарға (ТШ №__ және берiлген күнi) және нормативтiк құжаттарға сәйкес

7. Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлiк кәрiзТехникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берiлген күнi)

8. Стационарлы суғару жүйелерiТехникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берiлген күнi)

7. Құрылыс салушыға жүктелетiн мiндеттемелер

1. Инженерлiк iздестiрулер бойыншаЖер учаскесiн игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергiлiктi жерге) бекiтiлгеннен кейiн кiрiсу

2. Қолданыстағы құрылыстар мен имараттарды бұзу (көшiру) бойыншаҚажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы

3. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын ауыстыру бойынша Ауыстыру (орналастыру) туралы техникалық шарттарға сәйкес не желiлер мен құрылыстарды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу

4. Жасыл көшеттердi сақтау және/немесе отырғызу бойыншаҚысқаша сипаттамасы

5. Учаскенiң уақытша қоршау құрылысы бойыншаҚысқаша сипаттамасы

8. Қосымша талаптар1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесiн жобалау кезiнде (жобада орталықтандырылған суық сумен жабдықтау және ауа баптау көзделмеген жағдайда) ғимарат қасбеттерiнiң сәулеттiк шешiмiне сәйкес жергiлiктi жүйелердiң сыртқы элементтерiн орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерiнде жергiлiктi ау баптау жүйелерiнiң сыртқы элементтерiн орналастыруға арналған жерлердi (бөлiктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет.

2. Ресурс үнемдеу және қазiргi заманғы энергия үнемдеу технологиялары бойынша материалдарды қолдану.

9. Жалпы талаптар1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алуы қажет.

2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшiсiмен келiсу:

- эскиздiк жоба.

Ескертпелер:

1. СЖТ және техникалық талаптар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекiтiлген құрылыстың бүкiл нормативтiк ұзақтығының мерзiмi шегiнде қолданылады.

2. СЖТ шарттарын қайта қарауды талап ететiн мән-жайлар туындаған кезде, оған өзгерiстер тапсырыс берушiнiң келiсiмi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.

3. СЖТ-да көрсетiлген талаптар мен шарттар меншiк нысанына және қаржыландыру көздерiне қарамастан инвестициялық процестiң барлық қатысушылары үшiн мiндеттi. СЖТ тапсырыс берушiнiң немесе сәулет және қала құрылысы жергiлiктi атқарушы органының өтiнiшi бойынша қала құрылыстық кеңестiң, сәулеттiк жұртшылықтың талқылау нысанасы болуы, тәуелсiз сараптамада қарауы мүмкiн.

4. Тапсырыс берушiнiң СЖТ-да қамтылған талаптармен келiспеуi сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.

СЖТ құраған

___________________________________

(лауазымы, ТАӘ)

_________________________________

(қолы)

СЖТ алдым

______________________________

(күнi, айы, жылы)

______________________________

(қолы)

"Құрылыс салу және

реконструкциялау

(қайта жоспарлау, қайта

жабдықтау) жобаларына

бастапқы материалдарды

ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына

2-қосымша

нысан

____________________________

____________________________

____________________________

Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық

шарттарды ұсыну туралы өтiнiш

Өтiнiш берушiнiң аты: ___________________________________________________________

(Жеке тұлғаның ТАӘ немесе заңды тұлғаның атауы)

Мекенжайы: ____________________________________________________________________

Телефоны:______________________________________________________________________

Тапсырыс берушi: _______________________________________________________________

Жобаланатын объектiнiң атауы:____________________________________________________

Жобаланатын объектiнiң мекенжайы:_______________________________________________

Сiзден

1- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды)

2- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, тiк жоспарлау белгiлерiн, түбегейлi жоспарлау жобасынан алынған көшiрменi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлiк желiлер трассасының схемаларын) беруiңiздi сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.

күнi: 20__ жылғы. "__" _______________

Тапсырды: __________________________

қолы

"Құрылыс салу және

реконструкциялау

(қайта жоспарлау, қайта

жабдықтау) жобаларына

бастапқы материалдарды

ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына

3-қосымша

нысан

____________________________

____________________________

____________________________

Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы

Тапсырыс берушi-

Объектiнiң атауы-

Нормалар бойынша құрылыс салу мерзiмi-

Объектiге (реконструкциялауға) құқық белгiлейтiн құжаттар -

Қабаттылығы -

Ғимараттың алаңы-

Пәтерлер (нөмiрлер, кабинеттер) саны-

Электрмен жабдықтау

Кезек бойынша құрылыс салу барысында қосымша

Реконструкциялау барысындаТалап етiлетiн қуаты, кВт-

Жүктеме сипаты (фаза)Бiр фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық

Сенiмдiлiгi бойынша санаты I санат___кВт (кВА),

II санат ___кВт (кВА),

III санат___кВт (кВА)

Пайдалануға берiлгеннен кейiн жылдар бойынша ең жоғарғы жүктеме (қолданыстағы жүктеменi ескере отырып үдемелi қорытындымен)

20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт

көрсетiлген ең жоғарғы жүктемеден мыналар электр қабылдағыштарға жатады:

I санат___кВт (кВА),

II санат ___кВт (кВА),

III санат___кВт (кВА)

Электр қазандарын, электрокалориферлердi, электр плиталарын, электр пештерiн, электр су қыздырғыштарды орнату болжанады (қажеттiсiнiң астын сызыңыз)саны ___ дана, бiрлiктiк қуаты

_____ кВт (кВА)

Қолданыстағы ең жоғарғы жүктеме-

Трансформаторлардың шарт бойынша рұқсат етiлген қуаты № _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА

№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА

Сумен жабдықтауСудың жалпы қажеттiлiгi____м3/тәулiк____м3/сағ.

ауыз суы____л/сек. ең жоғарғы

оның iшiнде

Шаруашылық-ауыз су қажеттiлiктерiне____м3/тәулiк____м3/сағ.____л/сек. ең жоғарғы

Өндiрiстiк қажеттiлiктерге

м3/тәулiк

м3/сағ.____л/сек. ең жоғарғы

Өрт сөндiруге қажеттi шығыстар____л/сек.

Кәрiз Сарқынды сулардың жалпы мөлшерi____м3/тәулiк____м3/сағ. ең жоғарғы

оның iшiнде

Нәжiспен ластанған

м3/тәулiк____м3/сағ. ең жоғарғы

Өндiрiстiк ластанған

м3/тәулiк

м3/сағ. ең жоғарғы

Қала кәрiзiне шығарылатын шартты таза сулар____м3/тәулiк____м3/сағ. ең жоғарғы

Өнеркәсiптiк сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамалары (рН, өлшенген заттардың, қышқылдардың, сiлтiлердiң, жарылғыш, радиактивтiк жанатын заттардың және басқалары концентрациясының БГ)

Жылумен жабықтауЖалпы жылу жүктемесi____Гкал/сағ.

оның iшiнде:

Жылыту ____ Гкал/сағ.

Желдету ____ Гкал/сағ.

Ыстық сумен жабдықтау____ Гкал/сағ.

Технологиялық қажеттiлiктер (бу)____ т/сағ.

Жүктеменi тұрғын үйлер және жапсарлас салынған үй-жайлар бойынша бөлу-

Энергия үнемдеу iс-шарасы-

Нөсерлiк кәрiзТапсырыс берушiнiң қалауы-

Телефон орнату Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша ОТА және қызметтер саны -

Телефон сыйымдылығы-

Жоспарланатын телефон арнасы-

Тапсырыс берушiнiң қалауы (жабдықтың түрi, кабель түрi және т.б.)-

Газбен жабдықтауЖалпы қажеттiлiк____м3/сағ.

оның iшiнде:

Тамақ әзiрлеуге____м3/сағ.

Жылытуға ____м3/сағ.

Желдетуге ____м3/сағ.

Ауа баптауға____м3/сағ.

Көп қабатты үйлерге газ орнату кезiнде ыстық сумен жабдықтау____м3/сағ.

Ескертпе *

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

* Сауалнама парағын қосалқы тұтынушы берген жағдайда, ескертпеде тұтынушының қосалқы тұтынушыны оның желiлерiне қосуға келiсiмi көрсетiледi. Бұл ретте тұтынушының келiсiмiнде оның деректерi көрсетiледi (жеке тұлғалар — қолдарын қояды, заңды тұлғалар — қолдары мен мөрлерiн қояды).

Тапсырыс берушi: ______________________

20___ жылғы "___" ________________

"Құрылыс салу және

реконструкциялау (қайта

жоспарлау, қайта жабдықтау)

жобаларына бастапқы

материалдарды ұсыну"

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

стандартына

4-қосымша

нысан

____________________________

____________________________

____________________________

Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды

өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген

бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы

материалдарды ұсыну туралы

өтiнiш

Өтiнiш берушiнiң аты: ___________________________________________________________

(Жеке тұлғаның ТАӘ немесе заңды тұлғаның атауы)

Мекенжайы: ____________________________________________________________________

Телефоны:______________________________________________________________________

Тапсырыс берушi: _______________________________________________________________

Жобаланатын объектiнiң атауы:____________________________________________________

Жобаланатын объектiнiң мекенжайы:_______________________________________________

Сiзден тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiмдi, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды және сыртқы инженерлiк желiлер трассасының схемаларын (өтiнiш берушiмен сауалнама парағы ұсынылған кезде) беруiңiздi сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.

күнi: 20__ жжылғы "__"_______________

Тапсырды: __________________________

Қолы

"Құрылыс салу және

реконструкциялау (қайта

жоспарлау, қайта жабдықтау)

жобаларына бастапқы

материалдарды ұсыну"

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

стандартына

5-қосымша

нысан

____________________________

(ТАӘ не көрсетiлетiн қызметтi

алушы ұйымның атауы)

____________________________

(көрсетiлетiн қызметтi

алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорация" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы филиалының №__ бөлiмi (мекенжайын көрсету) Сiздiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттiк қызметтi көрсетуге (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) _______________________________;

2) _______________________________;

3) ….

Осы қолхат әр тарапқа бiр-бiрден 2 данада жасалды.

ТАӘ (қолы)

(Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң)

Орындаушы: ТАӘ____________

Телефоны: _____________

Алдым: ТАӘ/ көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы

20__ жылғы "___" _________

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2017 16:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 11:02
Қаралым саны: 512

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика