AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Жүктеу (DOC 274 Kb)

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
2-қосымша

"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 28.06.2019 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлердi жобалауға арналған өтiнiштi қарау мерзiмi:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрi — СЖТ) және техникалық шарттарды (бұдан әрi — ТШ) беруге — 6 (алты) жұмыс күнi;

бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының (бұдан әрi — ЕТЖЖ) көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алуға — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi жобалауға арналған өтiнiштi қарау мерзiмi:

СЖТ және ТШ беруге — 15 (он бес) жұмыс күнi;

бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, ЕТЖЖ-ның көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алуға — 17 (он жетi) жұмыс күнi.

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiштi қарау мерзiмi — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Дәлелдi бас тарту — 5 (бес) жұмыс күнi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан уәждi түрде бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және ТШ-дың электрондық көшiрмесi;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдардың электрондық көшiрмесi (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), тiк жоспарлау белгiлерiн, түбегейлi жоспарлау жобасынан алынған көшiрменi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималарын, техникалық шарттарды (ТШ), сыртқы инженерлiк желiлер трассасының схемаларын);

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдардың электрондық көшiрмесi (тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешiмi), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары);

осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiнiң түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерi келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға) порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшiн бастапқы материалдар алу туралы өтiнiш;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi (техникалық шарттарды қажет болған жағдайда);

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшiн бастапқы материалдар алу туралы өтiнiш;

тұрғын үйдiң үй-жайлары (пәтерлерi) меншiк иелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгiнiң жазбаша келiсiмi немесе, егер өзгерiстер кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн қозғаған жағдайда, тұрғын үйдiң үй-жайлары (пәтерлер) меншiк иелерiнiң жиналыс хаттамасының электрондық көшiрмесi;

өзгертiлетiн үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшiрмесi (болған жағдайда);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi (инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосымша қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесi (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер қорында тiркелмеген жағдайда);

техникалық жобаның электрондық көшiрмесi;

егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үй бөлiктерiмен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үй бөлiктерiмен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмның электрондық көшiрмесi қосымша қоса берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы құжаттар туралы мәлiметтердi, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12684 болып тiркелген) бекiтiлген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларының 33, 34, 34-1, 34-2, 34-3, 52, 53, 53-1, 53-2 және 53-3-тармақтарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тартуға негiз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шағымдану тәртiбi

11. Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Мақаланы құрған күні 08.11.2017 16:17
Мақаланы жаңартқан күні 19.09.2019 18:03
Қаралым саны: 2694
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы