ДССССРБСЖМСНЖК
Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну

Жүктеу  (DOCX 274 Kb) 

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ А-12/587 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ А-8/383 қаулысымен
бекiтiлген

"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорациясы);

3) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекiтiлген "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11018 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

техникалық шарттарды;

сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемаларын;

егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесiн;

тiк жоспарлау белгiлерiн;

жолдар мен көшелердiң көлденең қималары;

реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешiмi немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлердi жобалау кезiнде:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру кезiнде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, бiр мезгiлде сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдайды — 2 сағат;

4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды дайындайды — 5 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы техникалық шарттар келiп түскеннен сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 2 сағат;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы сәулет — жоспарлау тапсырмасына немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бастапқы материалдарды қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 30 минут;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу кезiнде:

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, бiр мезгiлде сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдайды — 2 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы техникалық шарттар келiп түскеннен сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 7 жұмыс күнi;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бастапқы материалдарды қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 30 минут.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi жобалау кезiнде:

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы техникалық шарттар келiп түскеннен сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 9 жұмыс күнi;

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу кезiнде:

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) құжаттарды тексеру, сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдау;

4) техникалық шарттарды дайындау;

5) сәулет — жоспарлау тапсырмасыны немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындау;

6) сәулет — жоспарлау тапсырмасына немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;

7) сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы;

4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлердi жобалау кезiнде:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру кезiнде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, бiр мезгiлде сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдайды — 2 сағат;

4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды дайындайды — 5 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы техникалық шарттар келiп түскеннен сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 2 сағат;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы сәулет — жоспарлау тапсырмасына немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бастапқы материалдарды қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 30 минут;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу кезiнде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, бiр мезгiлде сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды дайындайды — 5 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы техникалық шарттар келiп түскеннен сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 7 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы сәулет — жоспарлау тапсырмасына немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бастапқы материалдарды қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 30 минут.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi жобалау кезiнде:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру кезiнде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, бiр мезгiлде сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды дайындайды — 5 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы техникалық шарттар келiп түскеннен сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 7 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы сәулет — жоспарлау тапсырмасына немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бастапқы материалдарды қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 30 минут;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу кезiнде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, бiр мезгiлде сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды дайындайды — 5 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы техникалық шарттар келiп түскеннен сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 9 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы сәулет — жоспарлау тапсырмасына немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бастапқы материалдарды қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 30 минут.

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу кезiнде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 30 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, бiр мезгiлде сауалнама парағын және топографиялық түсiрiлiмдi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды дайындайды — 5 жұмыс күнi;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы техникалық шарттар келiп түскеннен сәулет — жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 7 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы сәулет — жоспарлау тапсырмасына немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi бастапқы материалдарды қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 30 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;

көрсетiлетiн қызметтi алушы стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға стандартының 5-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

2) осы регламенттiң 5 тармағында қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары) көрсетiлген;

3) мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiмiне) тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оны одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiбередi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң ең ұзақ берiлетiн уақыты — 15 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ берiлетiн уақыты — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 минут.

Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

10. "Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш бiлдiру тәртiбi мен рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ паролiнiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен Порталда тiркеудi iске асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖСН/БСН және паролiн енгiзу процесi (авторизация процесi);

1-шарт — Порталда ЖСН/БСН және пароль тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;

2-процесс — Порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiне Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық түрдегi қажет құжаттардың көшiрмелерiн бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдап алуы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеуi үшiн "электрондық үкiмет" аймақтық шлюзы автоматтандырылған жұмыс орнында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысты) бағыттау;

3-шарт — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен көрсетiлетiн қызметтi алушы қоса берген Стандарта көрсетiлген құжаттарды және қызмет көрсету үшiн негiздердi сәйкестiкке тексеруi;

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжатында бұзушылықтардың орын алуына байланысты сұраныс салынған көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен Портал қалыптастырған қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi):

құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) өтiнiшi бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат;

жобалауға арналған тапсырма;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

Стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

топографиялық түсiрiлiм;

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

Стандарттың 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат;

жобалауға арналған тапсырма;

өтiнiш берушi, өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органдарға құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсына отырып, өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесi, немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне жазбаша келiсiмi;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмi;

өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш иесiнiң меншiк иесiнiң техникалық паспортының көшiрмесi (түпнұсқа салыстыру үшiн ұсынылады);

техникалық жоба;

Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы мен топографиялық түсiрiлiм (қосымша инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмесi (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшiн ұсынады) ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда;

2) Мемлекеттiк корпорацияға:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

Стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат;

жобалауға арналған тапсырма;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

Стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат;

жобалауға арналған тапсырма;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

топографиялық түсiрiлiм;

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

Стандарттың 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырма;

өтiнiш берушi, өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органдарға құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсына отырып, өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжат, немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне жазбаша келiсiмi;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмi;

өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш иесiнiң меншiк иесiнiң техникалық паспорты (түпнұсқа салыстыру үшiн ұсынылады);

техникалық жоба;

Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы мен топографиялық түсiрiлiм (қосымша инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшiн ұсынады) ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

3) порталға:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

Стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшiрмесi;

Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi;

жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшiн:

Стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi;

жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшiрмесi;

қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшiн:

Стандарттың 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтiнiш;

жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшiрмесi;

өтiнiш берушi, өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органдарға құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсына отырып, өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшiрмесi, немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне жазбаша келiсiмiнiң электрондық көшiрмесi;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмiнiң электрондық көшiрмесi;

өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш иесiнiң меншiк иесiнiң техникалық паспортының электрондық көшiрмесi (түпнұсқа салыстыру үшiн ұсынылады);

техникалық жобаның электрондық көшiрмесi;

Стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы мен топографиялық түсiрiлiмнiң электрондық көшiрмесi (қосымша инженерлiк және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу және/немесе жүктеменi арттыру қажет болған жағдайда);

жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың электрондық көшiрмесi (егер реконструкциялау жер учаскесiн қосымша бөлудi (кесiп берудi) көздейтiн болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшiн ұсынады) ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк мәлiметтер базасында тiркелмеген жағдайда);

Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Мақаланың шыққан күні: 02.02.2018 12:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.02.2018 16:53
Қаралым саны: 635

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика