ДССССРБСЖМСНЖК
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру

Жүктеу (DOC 169 Kb)

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылы 22 ақпанда № 13160 болып тiркелдi

РҚАО-ның ескертпесi!

Бұйрық 01.03.2016 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi.

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11018 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2015 жылы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң баспа және электрондық түрде мерзiмдiк баспа басылымдарына және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн Республикалық құқықтық ақпараттар орталығына жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттiк органдардың интранет порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнiнiң iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердiң ұсынылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурызда қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушы Қ. Өскенбаев

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
2-қосымша

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлердi жобалауға арналған өтiнiштi қарау мерзiмi:

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге — 6 (алты) жұмыс күнi;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi жобалауға арналған өтiнiштi қарау мерзiмi:

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге — 15 (он бес) жұмыс күнi;

бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесi, тiк жоспарлау белгiлерi, жолдар мен көшелердiң көлденең қималары, сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемалары) алу — 17 (он жетi) жұмыс күнi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қарауды тоқтату туралы дәлелдi жауап бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш берген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыт — 15 минут, Мемлекеттiк корпорацияға — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақжол берiлетiн уақыт — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияға — 20 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: осы мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес және келесi бастапқы материалдарды:

техникалық шарттарды;

сыртқы инженерлiк желiлер трассаларының схемаларын;

егжей-тегжейлi жоспарлау жобасының көшiрмесiн;

тiк жоспарлау белгiлерiн;

жолдар мен көшелердiң көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi кабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүргiзiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүргiзiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Ресбубликасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — сенбiнi қоса алғанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау «электрондық» кезек күту тәртiбiмен, жеделдетiп қызмет көрсетусiз, жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады.

3) портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерi келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi:

құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) өтiнiшi бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырманың көшiрмесi;

жер учаскесiне құқық беретiн құжатнемесе жергiлiктi атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмiнiң көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырманың көшiрмесi;

жер учаскесiне құқық беретiн құжаттың көшiрмесi немесе жергiлiктi атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмiнiң көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

топографиялық түсiрiлiм.

2) Мемлекеттiк корпорацияға:

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырма;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат немесе жергiлiктi атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

бастапқы материалдарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жобалауға арналған тапсырма;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат немесе жергiлiктi атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;

топографиялық түсiрiлiм.

порталға:

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат немесе жергiлiктi атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмiнiң электрондық көшiрмесi;

жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi;

бастапқы материалдарды алу үшiн:осы мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтiнiш;

жер учаскесiне құқық беретiн құжат немесе жергiлiктi атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмiнiң электрондық көшiрмесi;

жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосылу

үшiн техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшiрмесi;

топографиялық түсiрiлiмнiң электрондық көшiрмесi берiледi.

Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы құжаттар туралы мәлiметтердi, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы тиестi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсе қызметкерi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн тұпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Өтiнiштiң қабылдануын растау:

құжаттар топтамасының көшiрмесiне оның қабылданған уақыты мен күнiн көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы көрсетiлетiн қызмет берушiдегi белгi;

Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармағымен көзделген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкiлеттi өкiлi:

құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға;

нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн нәтиже одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiбередi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Порталда электрондық сұрауды қабылдау корсетiлетiн кызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қолхат бередi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың
қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетiлерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде мемлекеттiк
корпорация арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызмет алушының тыныс-тiршiлiгiн әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

Министрлiктiң: www.economy.gov.kz;

Мемлекеттiк корпорацияның: www.con.gov.kz жарияланған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефоны Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz. орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Мақаланың шыққан күні: 15.04.2016 17:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2017 17:32
Қаралым саны: 323
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика