ДССССРБСЖМСНЖК
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2017 жылғы 28 шiлдеде № 15398 болып тiркелдi

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi заңнамамен белгiленген тәртiпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның қазақ және орыс тiлдерiндегi қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмелерiн мерзiмдi баспа басылымдарына ресми жариялауға жiберудi;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық бiрiншi ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрi                                                                                Ж. Қасымбек

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 28 маусым

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 387 бұйрығына
1-қосымша

"Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — жұмыс күндерi 10 (он) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқcат етiлетiн барынша ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн барынша ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес белгiленген мерзiмде құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттар ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi одан әрi қараудан бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14:30-ге дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 8.30, 9.00-ден 18:00, 18.30-ға дейiн көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00, 14-30-ға дейiн түскi үзiлiспен 09.00-дан 17.30-ге дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетедi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) қызметтi берушiге өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажет құжаттар тiзбесi:

1) екiншi деңгейдегi банктiң жобаға қатысуы тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiштi;

құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемiнде он сегiз мың шаршы метр және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi құрылыста кемiнде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектiлерiн өткiзу, оның iшiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер) ретiнде жиынтығында кемiнде үш жыл тәжiрибесiн растайтын пайдалануға енгiзу актiсi.

мемлекет берген уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншiк құқығымен тиесiлi жер учаскесiне арналған актi;

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

2) тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейiн үлескерлердiң ақшасын тарту тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру.

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiштi;

салынған объектiлердiң тәжiрибесiн растайтын объектiнi пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның iшiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер) ретiнде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезiнде жиынтығында жалпы алаңы кемiнде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi құрылыс кезiнде кемiнде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлердi (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және пайдалануға енгiзу актi. Бұл ретте құрылыс салушының еншiлес мекемелерiнiң жиынтық тәжiрибесi есепке алынады.

мемлекет берген уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншiк құқығымен тиесiлi жер учаскесiне арналған актi;

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

инжинирингтiк компанияның есебiмен расталған тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы;

инжинирингтiк компаниямен шарт.

Көрсетiлген құжаттармен бiрге көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге олардың көшiрмелерiн ұсынады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

10. Мыналар мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық емес екенiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 29 шiлдедегi № 352 бұйрығында (нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзiлiмiнде № 14188 тiркелген) белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызмет алушыға қатысты белгiленген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн қызметтi немесе қызметтiң жекелеген түрлерiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi және орны көрсетiле отырып, шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждемелi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы жiберiледi не болмаса қызмет берушiге қолма қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: (1414).

"Үлескерлердiң ақшасын
тартуға рұқсат беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан

(Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бар
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бланкiсi)

Үлескерлердiң ақшасын тартуға
№ ___ рұқсат

________________               20__ ж. "___" _________
(мекенжайы)

Осы рұқсат

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________
(жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, орналасқан жерi)

бойынша орналасқан, ауданы ______________, _________қабатты тұрғын үй (тұрғын ғимарат)

салу үшiн________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________
(құрылыс салушы және уәкiлеттi компанияның толық атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
үлескерлердiң ақшасын тартуға берiлдi.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектiнi пайдалануға беру мерзiмi

20__ жылғы "___" _________.

Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат объектiнi пайдалануға беру мерзiмiне дейiн

заңды күшiнде болады.

Әкiм (Әкiмнiң орынбасары)

______________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)) (қолы)

Мөрдiң орны (болған жағдайда)

"Үлескерлердiң ақшасын
тартуға рұқсат беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
2-қосымша
нысан

_____________________________________

(жергiлiктi атқарушы органның атауы)

әкiмi_________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты) (болған жағдайда)

Үлескерлердiң ақшасын тартуға
рұқсат беру туралы
өтiнiш

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың

деректемелерi, байланыс телефоны, заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн жеке тұлға — өтiнiш

берушiнiң мекенжайы)

________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атынан осы өтiнiштi беруге өтiнiш берушiнiң өкiлеттiктерiн растайтын,

________________________________________________________________________________

нотариалды немесе өзге жолмен куәландырылған құжатқа сiлтеме)

________________________________________________________________________________

(өтiнiш берушiнiң жұмыс орны және лауазымы,

________________________________________________________________________________

тұрғылықты жерi, заңды мекенжайы)

________________________________________________________________________________

(орналасқан жерi, жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi)

бойынша орналасқан, ауданы ___________, __________қабатты тұрғын үй (тұрғын ғимарат)

салу үшiн үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беруiңiздi сұраймыз.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектiнi пайдалануға беру мерзiмi 20__ жылғы "___" _______.

Өтiнiш берушiлер мен осы өтiнiштi берген заңды тұлғаның бiрiншi басшылары

өтiнiшке қоса берiлген құжаттардың шынайылығына, сондай-ақ осы өтiнiштi қарауға

байланысты сұрау салынатын ақпараттың жергiлiктi атқарушы органға уақтылы ұсынылуына

толық жауап бередi.

Қосымша (жiберiлетiн құжаттардың атауы жазылған тiзiлiмдi, даналар санын және олардың

әрқайсысының парақ санын көрсету керек):

__________________________________

(Құрылыс салушының қолы, күнi)

_________________________________

(Уәкiлеттi компанияның қолы, күнi)

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру (PDF 498 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2017 10:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.09.2017 16:50
Қаралым саны: 254
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика