ДССССРБСЖМСНЖК
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру

Жүктеу (DOCX 99 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 2 қазандағы
№ А-10/444 қаулысымен
бекiтiлдi

"Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Ақмола облысы аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесi — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығымен бекiтiлген "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15398 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру (бұдан әрi — рұқсат) не Стандарттың 10-тармағында көзделген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап (бұдан әрi — бас тарту туралы жауап) беру.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, рұқсат жобасын немесе бас тарту туралы жауап дайындайды — 8 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы рұқсатқа немесе бас тарту туралы жауапқа қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi рұқсатты немесе бас тарту туралы жауапты бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) рұқсат немесе бас тарту туралы жауабының жобасы;

4) рұқсатқа немесе бас тарту туралы жауапқа қол қою;

5) рұқсат немесе бас тарту туралы жауапты беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, рұқсат жобасын немесе бас тарту туралы жауап дайындайды — 8 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы рұқсатқа немесе бас тарту туралы жауапқа қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi рұқсатты немесе бас тарту туралы жауапты бередi — 15 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағында көрсетiлген қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (әрекетi);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде қызметтi алушыға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқcат етiлетiн барынша ұзақ уақыты — 15 минут.

Қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн барынша ұзақ уақыты — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының уәкiлеттi өкiлi құзыретiн растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн) бойынша Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) екiншi деңгейдегi банктiң жобаға қатысуы тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде:

Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiштi;

құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемiнде он сегiз мың шаршы метр және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi құрылыста кемiнде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектiлерiн өткiзу, оның iшiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер) ретiнде жиынтығында кемiнде үш жыл тәжiрибесiн растайтын объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi;

мемлекет берген уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншiк құқығымен тиесiлi жер учаскесiне арналған актi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелемiнiң" мемлекеттiк деректер базасы" ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер болмаған кезде);

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.

2) тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейiн үлескерлердiң ақшасын тарту тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде:

Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiштi;

салынған объектiлердiң тәжiрибесiн растайтын объектiнi пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның iшiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер) ретiнде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезiнде жиынтығында жалпы алаңы кемiнде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi құрылыс кезiнде кемiнде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлердi (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi. Бұл ретте құрылыс салушының еншiлес ұйымдарының жиынтық тәжiрибесi есепке алынады.

мемлекет берген уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншiк құқығымен тиесiлi жер учаскесiне арналған актi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелемiнiң" мемлекеттiк деректер базасы" ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер болмаған кезде);

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтiк компанияның есебi;

инжинирингтiк компаниямен шарт.

Көрсетiлген құжаттармен бiрге көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға олардың көшiрмелерiн ұсынады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара iс-әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес Мемлекеттiк корпорация мен мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 16:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.07.2018 17:44
Қаралым саны: 1324

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика