AA

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге рұқсат беру

Жүктеу (DOCX 31 Kb)

Қазақстан Республикасы
Индустрия жəне
инфрақұрылымдық даму
министрiнiң
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 452 бұйрығымен бекiтiлген

«Объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге және порталға жүгiнген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — 10 (он) жұмыс күнi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге және порталға жүгiнген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан дәлелдi түрде бас тартады.

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiде көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты — 20 (жиырма) минут;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiде көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электронды немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге рұқсат беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электронды немесе қағаз түрiнде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн негiзде көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүргiзiледi.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүргiзiледi;

2) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiш жасаған кезде, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi: өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

жеке және заңды тұлға үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге және оның параметрлерiне жазбаша келiсiмi;

егер объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыс кешенi жүргiзiлгенде, кейiннен кәдеге жаратуға (құрылыстарды бұзуға) жататын объектiге көршiлес басқа үй-жайлардың (үйдiң бөлiктерiнiң) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi;

тиiстi мемлекеттiк органның техникалық (қалыпты) жай-күйiн зерттеп-тексерудiң нәтижелерi бойынша анықталған осы объектiнi одан әрi қолданудың (пайдаланудың) мүмкiн еместiгiн растайтын құжат;

жұмысты жүргiзу жобасы (бiр немесе екi қабаттан тұратын жеке тұрғын үй, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстар, жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар) үшiн қажет емес)/ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама (блокты үйдi бұзу кезiнде ұсынылады).

2) порталға:

жеке және заңды тұлға үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге және оның параметрлерiне жазбаша келiсiмiнiң электрондық көшiрмесi;

егер объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыс кешенi жүргiзiлгенде, кейiннен кәдеге жаратуға (құрылыстарды бұзуға) жататын объектiге көршiлес басқа үй-жайлардың (үйдiң бөлiктерiнiң) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмiнiң электрондық көшiрмесi;

тиiстi мемлекеттiк органның техникалық (қалыпты) жай-күйiн зерттеп-тексерудiң нәтижелерi бойынша анықталған осы объектiнi одан әрi қолданудың (пайдаланудың) мүмкiн еместiгiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

жұмысты жүргiзу жобасының электрондық көшiрмесi (бiр немесе екi қабаттан тұратын жеке тұрғын үй, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстар, жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар) үшiн қажет емес) / жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама (блокты үйдi бұзу кезiнде ұсынылады).

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжатты көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) — өтiнiштiң көшiрмесiндегi құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi көрсетiлiп, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң осы стандартта және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi негiз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi және орны көрсетiле отырып, шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

Мақаланы құрған күні 20.09.2019 12:17
Мақаланы жаңартқан күні 20.09.2019 12:20
Қаралым саны: 195
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы