ДССССРБСЖМСНЖК
Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру

Жүктеу  (DOCX 27 Kb)

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 12 мамырда № 11018 тiркелдi.

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрiнiң

мiндетiн атқарушыМ. Құсайынов

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрi

____________ Ә. Исекешев

2015 жылғы 16 сәуiр

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика Министрiнiң

мiндетiн атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 257 бұйрығына

3-қосымша

"Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорация" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация).

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 15 (он бес) жұмыс күнi;

дәлелдi бас тарту — 5 (бес) жұмыс күнi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi;

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қарауды тоқтату туралы дәлелдi бас тарту бередi.

Құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын ұсынылады.

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыты — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыты — 15 (он бес) минут, Мемлекеттiк корпорацияға — 20 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешiмi немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi кабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүргiзiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүргiзiледi;

2) Мемлекеттiк корпорация — Қазақстан Ресупбликасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — сенбiнi қоса алғанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау "электрондық" кезек күту тәртiбiмен, жеделдетiп қызмет көрсетусiз, жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) өтiнiшi бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) қызмет берушiге:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне жазбаша келiсiмi;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi;

өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш иесiнiң меншiк иесiнiң техникалық паспортының көшiрмесi (тұпнұсқа салыстыру үшiн ұсынылады);

сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайды реконструкциялау мүмкiндiгi туралы техникалық зертеу қорытындысының көшiрмесi;

болжанған өзгерiстер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздiк жобалар) қоса берiледi.

2) мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш берген кезде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне жазбаша келiсiмi;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi;

өзгертiлетiн үй-жайға өтiнiш иесiнiң меншiк иесiнiң техникалық паспортының көшiрмесi (тұпнұсқа салыстыру үшiн ұсынылады);

сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайды реконструкциялау мүмкiндiгi туралы техникалық зертеу қорытындысының көшiрмесi;

болжанған өзгерiстер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздiк жобалар) қоса берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратып алуға жол берiлмейдi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы құжаттар туралы мәлiметтердi, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсе қызметкерi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн түпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Өтiнiштiң қабылдануын растау:

құжаттар топтамасының көшiрмесiне оның қабылданған уақыты мен күнiн көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы көрсетiлетiн қызмет берушiдегi белгi;

Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармағымен көзделген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиестi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн нәтиже адан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiбередi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12684 болып тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларының 53-тармағымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тартуға негiз болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды

адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың

қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)

шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетiлерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа өтiнiш беруге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде мемлекеттiк

корпорация арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып

қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызмет алушының тыныс-тiршiлiгiн әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

Министрлiктiң: www.mid.gov.kz;

Мемлекеттiк корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

Тiреу және қоршау конструкцияларын,

инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды

өзгертуге байланысты емес қолданыстағы

ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген

бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта

жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм

беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына

1-қосымша

нысан

Республикалық маңызы бар қаланың,

астананың, облыстық маңызы бар

қалалардың, аудандардың

Бас сәулетшiсi ________________

___________________________

(Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе)

сенiмхат)

_________________________________

(Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) немесе

бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН)

мекенжайы________________________

(заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жерi)

байланыстар______________________

(электрондық мекенжайы, телефон)

Өтiнiш

____________________________________________________________________

(объектiнiң толық атауы)

________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

(үй-жайлары (жекелеген бөлiктерi) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын объектiнiң орналасқан жерi)

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

рұқсат беруiңiздi сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.

20__ жылғы "___" _________

_____________________

(қолы)

Тiреу және қоршау конструкцияларын,

инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды

өзгертуге байланысты емес қолданыстағы

ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген

бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта

жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм

беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына

2-қосымша

нысан

_____________________________________________

(Тегi, аты бар болған жағдайда әкесiнiң аты (бұдан әрi — Т.А.Ә.)

не көрсетiлетiн қызметтi алушы ұйымның атауы)

_____________________________________________

(көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы

15 cәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорация" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы филиалының №__ бөлiмi (мекенжайын көрсету) Сiздiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттiк қызметтi көрсетуге (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) _______________________________;

2) _______________________________;

3) …..

Осы қолхат әр тарапқа бiр-бiрден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә. (қолы)

(Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң)

Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

Телефон _____________

Алдым: Т.А.Ә. / көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы

20__ жылғы "___" _________

Мақаланың шыққан күні: 18.04.2016 10:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2017 16:11
Қаралым саны: 418
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика